Әбішев Самарбек Әбішұлы (1950 ж.) - ұстаз, ақын, тіл жанашыры.
1950 жылы 21 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Қабырға ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Өскемен педагогикалық институтының (қазіргі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті) тарих, география және биология пәндерінің факультетін тәмамдайды. 1988 жылы ШҚО Саратовка ауылшаруашылығы техникумын тәмамдаған.
Самарбек Әбішұлы еңбек жолын институттан кейін Шыңғыстай орта мектебінде география және биология пәндерінің мұғалімі болып бастап, оқу ісінің меңгерушілігіне дейін жоғарылаған. Кейіннен Катон-Қарағай ауданындағы Аршаты орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
1990 жылы «Чернова» кеңшарының партия комитетінің хатшылығына сайланып бұл қызметті 1993 жылға дейін атқарған. Кейін Катонқарағай аудандық балалар және жасөспірімдердің спорт мектебін басқарды. Ұлан ауданының (бұрынғы Таврия ауданы) Саратовка орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып барады да, кейін осы мектепте директор болып қызмет атқарды.
2003 жылдан бастап С. Ә. Әбішев облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының тілдерді дамыту бөлімінде істеп, бірнеше жауапты қызметтерді атқарды. 2003-2013 жылға дейін ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарған.
Самарбек Әбішұлының жырлары ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап оқырманына кеңінен танымал. Аудандық ақындар айтысына белсене қатысып жыр сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген. Автордың «Көңіл толғаулары» (2000) атты жыр жинағы туған жерге деген сүйіспеншілікті, өскен ортасына деген ыстық ықыласты паш етеді.
С. Әбішұлы нені жырласа да, ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлаған, сондықтан да өлеңдері сырлы, сазды, адамның бойын баурап алады.
2013 жылы өз еркімен зейнеткерлік жасына байланысты босатылды. 2013-2021 жылдар аралығында зейнеткер бола тұра, Самарбек Әбішұлы Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында мемлекеттік тіл маманы болып жұмыс атқарды.
Облыс аумағында ана тіліміздің дамуына қосқан ерен еңбегі бағаланып 2010 жылы ҚР Мәдениет Министрлігінің «Мәдениет қайраткері» атанып, 2011 жылы Президент қаулысы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.
Қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады, құрметті демалыста.
С. Ә. Әбішевтің мерзімді басылымдағы мақалалары
Публикации С. А. Абишева в периодической печати
Әбішев, С. Шығардым тұлпар сөзді шын сайысқа...: [Катонқарағай ауданы Черняховский атындағы совхоздың ақыны Ә. Қаңтарбаевқа "Чернова" совхозының ақыны С. Әбішевтің жауап айтысы] / С. Әбішев // Арай. - 1989. - 29 июль (№91). - Б. 4.
Әбішев, С. Ақтанға : [ақын А. Нұрбаевқа арналған өлең] / С. Әбішев // Арай. - 1996. - 4 қазан (№40). - Б. 4.
Әбішев, С. Депуттаттар ел арасында : [ҚР Парламенті мәжіліс депутаттары облыста іссапарда] / С. Әбішев // Дидар. - 1998. - 27 қазан (№109). - Б. 1.
Әбішев, С. Басты міндет : [Облыстық тіл комитетінің жұмысы жайында] / С. Әбішев // Дидар. - 1999. - 22 наурыз. – Б. 2.
Әбішев, С. О,қазағым, не өтпеді басыңнан. : [өлең] / С. Әбішев // Дидар. - 1999. - 21 қыркүйек (№73). - Б. 2.
Әбішев, С. ХХІ ғасырға - үкілі үмітпен : [Облыста "Жаңа ғасырға - үкілі үмітпен" тақырыбында өткізілген оқушылардың шығарма байқауының қортындылары туралы ] / С. Әбішев // Дидар. - 2000. - 16 желтоқсан (№99) . - Б. 3.
Әбішев, С. Бағдарлама басшылыққа алынды : [жалпы облыс көлемінде мақсатты жұмыс атқару үшін тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы жыл басында жасалып, ол облыстық газеттердің беттерінде жарық көрді. Осы бағдарлама негізінде жыл көлемінде атқарылған жұмыстар туралы] / С. Әбішев // Үш анық. - 2002. – 11-17 ақпан (№7). - Б. 2.