Михаил Николаевич Головков (1936 - 1996) - қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының кандидаты, Өскемен құрылыс-жол институтының доценті (қазіргі Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-Шығыс Қазақстан Техникалық университеті).
1936 жылы 10 тамызда Өскемен қаласында дүниеге келген. Ғалым, техника ғылымдарының кандидаты. М. Н. Головков 1974 жылдан Құрылыс-жол институтында (қазіргі Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ) оқытушы, доцент, кейін кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Шығыс Қазақстан облыстық кеңесіне, ҚР Парламентінің Мәжілісіне (І және ІІ шақырылым) депутаттыққа сайланады. "Лад" қоғамдық қозғалысының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы міндетін атқарған. М. Н. Головковтың өмірінде қоғамдық қызмет байрықша орын алды. Соңғы жылдары өзі тұрған Мир көшесінің атауы, 2002 жылы М. Н. Головков атындағы көше болып өзгертілді.
М. Н. Головковтың өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности М. Н. Головкова
Сіләмова, З. Менің көшемнің тарихы / З. Сіләмова // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. - 2010. - N 6. - Б. 27-6. ; № 7. - Б. 11-14.
***
Головков М. Н. [Электронный ресурс] : [Официальный сайт Государственный архив Восточно-Казахстанкой области и его филлиалы]: ГАВКО, ф. 189, оп. 1, 65 ед. хр., 1920 - 1996 гг.
Головков Михаил Николаевич : [государственный деятель; некролог] // Казахстанская правда. - 1996. - 24 декабря. - С. 4.
Рахметова, Г. Человек, не совместимый с властью / Г. Рахметова, В. Ваколкин // Казахстанская правда. - 1996. - 29 февраля. - С. 4.
Головков, М. Пока есть силы,буду защищать людей : [беседа с депутатом парламента от ВКО М. Головковым] // Рудный Алтай. - 1996. - 10 августа. - С. 2.