Известные имена

Долгополов Н. И.

Долгополов Нифонт Иванович – Ресей дәрігері, хирург, қоғам қайраткері, Қазақстан Алтайын зерттеуші.Долгополов Нифонт Иванович (1857-1922) – Ресей дәрігері, хирург, қоғам қайраткері, Қазақстан Алтайын зерттеуші.

1857 жылы 7 сәуірде Воронеж губерниясы (қазір Белгород облысы) Бирюченскі уезі Бирюч қ. дворян отбасында дүниеге келген.

Воронеж діни семинариясында оқиды (бірақ 5 класта өтініш беріп, шығып кетеді). Харьков университетінің медицина факультетінде оқиды. 1878-1879 жж. Харьков революциялық үйірмесіне П. Теллалов, И. Глушков және И. Блинов жетекшілігімен кіреді. 1878 ж. студент Синдеевті жерлеу және Харьковтан жіберілген  студенттерді шығарып салу ереуілдеріне қатысады. Студенттер арасында революциялық әдебиеттерді таратушы күдіктілер қатарында болады.    

1879 ж. университеттің 5-курсында оқиды. 1879 ж. қарашаның алғашқы күндері нәтижесіз тінтуден кейін тұтқынға алынып, «тұтқындар ротасында» болады. 1879 ж. 23-24 қарашада Харьков губернаторының бұйрығымен полицияның ашық бақылауыңда болатын шартпен Батыс Сібірге жер аударылған. Айдауға тек 1880 жылы 5 мамырда Вышневолоцк түрмесінен жіберіледі. 1880 жылы ол Тобыл губерниясының Қорған қаласына келіп емдеу қызметімен айналысуға тыйым салынуына қарамастан, қала тұрғындарына тегін дәрігерлік көмек көрсетеді.

Александр ІІІ-ке ант беруден бас тартқан соң, губернатор В. А. Лысогорскінің бұйрығымен ауруханадағы қызметінен «ауруларға зиянды әсерін тигізгені үшін» босатылады. 1881 жылдың 9 қыркүйегінен 5 жылға қадағалау мерзімі тағайындалады. 1882 жылы қазанда ерікті түрде кетіп қалғаны үшін Сургутке айдалады, бірақ күзде жол бұзылуы себепті Тоқалыда қалдырылады. Ол жерде де дәрігерлік қызметпен айналысуға рұқсат етілмейді. Тоқалы қаласы басшысының әйелінің аяғына тиген оқты рұқсатсыз алғаны үшін уездік полиция бастығы түрмеге қамайды. Бірақ, жергілікті халықтың талабы бойынша түрмеден шыққан Долгополов 1883 жылы Тобыл губернаторы халыққа тигізетін зиянды әсері үшін Турин округының Пелым селосына жібереді. Дегенмен, сүзекпен ауырғаннан кейін Есілде қалады.  

1882 жылы Қорғаннан қуылған ол 1884 жылы маусым айыңда Семейге келіп, полицияның ашық бақылауыңда жер аударылу мерзімі біткенге дейін болады. Абай онымен Семейдегі айдауда болған (1884-86 жылы) кезеңінде өте жақын танысты. Олардың достық байланысын Абай замандастарының белгілі естеліктері, олардың өмірбаянын алғаш зерттеушілер, соңдай-ақ Семей облысы архив басқармасының қорындағы деректер дәлелдейді. 1885 жылы жазында ауырып қалған ол Семей генерал-губернаторынан Абай аулына барып емделіп қайтуға рұқсат сұрайды: «Менің денсаулығым қатты бұзылды... Жоғары мәртебелі Сізден осыған байланысты Шыңғыс болысына - Өскенбаев Құнанбай аулына баруыма... рұқсат беруіңізді сұраймын, 1885 жылғы 4 маусым Н. Долгополов» (ҚР ОМА, 15-қор, 2-тізім, 88-іс, 69- парақ).

1884 жылы Семейге ауыстырылады (қазір Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы). Мұнда Н. И. Долгополов қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевпен танысып, достасады. Ол Абайға ерекше әсерін тигізіп, европа поэзиясы мен философиясына деген қызығуын оятқан. Абай Долгополовтан   

Джон Вильям Дрэпердің «Истории умственного развития Европы» кітабының орыс тіліне аударылған бірінші томын алады, сондай-ақ, алғаш рет Лонгфелло өлеңдерін естиді.   

1886 жылы жазда әкімшіліктің рұқсатымен Катон-Қарағайға барады. Айдауда жүргенде журналистикамен айналысады. «Сибирская газетада» мақалалары, «Екатеринбургская неделя» апталығында хабарламалары жарияланған. Қазақ халқы туралы зерттеулер жазған. Сібірде Дж.Кеннанмен кездескен, оның «Siberia and the Exile System» кітабының бірнеше беті Н.И.Долгополовқа арналған.

1886 жылы 9 қыркүйекте Харьковке барып, сол жерден Қазанға жер аударылады. 1886 жылы Харьков университетінде оқуын аяқтауға рұқсат алады. 1887 ж. университеттегі оқуын қалпына келтіріп, сол жылы қыркүйекте уездік дәрігер атағына сыннан өтіп, үздік аяқтайды. 1889-1991 жж. Екатеринослав губерниясындағы ағайынды Борисовтардың қант қайнату зауытында дәрігер болып қызмет етті. Екатеринослав және Харьков губернияларында жеке практикамен айналысты. 1890 ж. мемлекеттік қызметке рұқсат алды. 1891 ж. Курск земство емханасының хирургия бөлімінде ординатор болды. 1893-1895 жж. Курск қайырымдылық мекемелерінде дәрігерлік қызмет атқарды. 1895 ж. Санкт-Петербургке барып медицина докторы дәрежесіне емтихан тапсыруға рұқсат етілді. 1895 жылдың маусымынан 1896 ж. дейін - Москва-Курск теміржолының Тульск учаскесінің дәрігері болып, қызметіне байланысты Тулаға көшті.   

Тулада тұрған кезде Толстойлар отбасының үй дәрігері М. Холевинский арқылы Лев Николаевич Толстоймен танысып, әйелімен бірге Ясная Полянада қонақта болады.  

1896 жылы барлық жерде тұруға рұқсат алып, Мәскеуге көшіп келеді. Мұнда біраз уақыт Курск вокзалында дәрігер болып жұмыс істейді. Кейін «Нижний» станциясы (Нижний Новгород қ.) темір жолында учаскелік дәрігер болады. 1897-1905 жж. Канавинде (Нижний Новгород) «Бабушкинский қалалық емханасында аға дәрігерлік қызметте болды. Долгополов күрделі хирургиялық операциялар жасайды, амбулаториялық қабылдау жүргізіп, сырқат жұмысшылардың үйіне баратын. Ол миллионерден бастап кедей-кепшікке дейінгі қоғам топтарына дәрігер ретінде танымал болды.   

Н. И. Долгополов 1905 жылы 25 шілдеде қалалық санитарлық комиссия жиынында Канавинде қалалық қонақүй ашуды ұсынып, қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, қонақүй ұстаушыларды жауапқа тартуды талап етті.

Нижегород губерниясының земство дәрігерлерінің 4-съезіне қатысып, қалалық және губерниялық земстволық дәрігерлік-санитарлық ұйымдардың байланысы туралы баяндама жасайды. Пирогов съездеріне қатысып, қоғамдық-ғылыми мәселелер бойынша баяндама оқиды. Доктор А. П. Воскресенскимен бірге Гигиеналық білім тарату комиссиясын құру жөнінде бастама көтерген. Ол VIII Пирогов съезінде В.В.Вересаевтың «Записки врача» кітабын қорғап сөз сөйлейді, сондай-ақ, фабрика медицинасының жағдайы туралы хабарлама береді. Ресей денсаулық сақтау қоғамының Нижегород бөлімінің мүшесі. Осы Қоғамның жиынында халық арасында санитарлық ағарту жұмысын кеңінен жүргізу – жаратылыстану және медицина тақырыбы бойынша әңгімелер мен оқулар жүргізу қажеттілігін айтты.   

Н. И. Долгополовтың үйі қонақжай еді, ол үйде: А. М. Горький, В. Г. Короленко, С. Г. Скиталец, С. И. Мицкевич, В. Н. Золотницкий, Н. А. Семашко, М. В. Владимирский т.б. болды. Жолаушылап бара жатқан  А.П.Чехов та тоқтаған екен. 

1900 жылы әйелімен бірге шетелге шығып, Лондон қаласында П. А. Кропоткин, Ф. В. Волховски, Н. В. Чайковскимен кездескен. 1902 ж. жазаланған бірінші май демонстранттары есебіне жиналған қаржыны реттеуші болып сайланады. 1902 ж. И.Цветковқа тұтқынға алынған Лодыженский  пәтерінен жасырын социал-демократиялық типографияны алып шығуға көмектеседі. 1904 ж. желтоқсанда жаралы адамдарға көмектесіп,  «Общества распространения народного образования» әдеби кешінде полицияға қарсы шығады, өйткені Грацианов және Лежавоның орыс-жапон соғысы туралы айтқан сөздерінен кейін полиция қатысушыларға қару жұмсаған еді. 1904 жылы 14 желтоқсанда Нижегород жандарм соты 27 қарашада өткен үкіметке қарсы манифестацияға қатысқаны үшін тергеуге шақырады. 1905 жылы 25 мамырда тергеу тоқтатылады.     

Ол социал-революционерлер партиясына кіріп, осы партияның Нижегород комитетінің мүшесі болады. 1905 ж. Канавин социал-демократиялық жауынгерлік дружина жанында санитарлық отряд құрады. Медбикелер мен Сормово Қызыл Кресі мүшелеріне жаралыларыға көмек беру туралы бірнеше лекция оқиды. Желтоқсан көтерілісін басқаннан кейін Евнинге Бабушкинск емханасынан қашуға көмек береді. 1905 жылы 23 желтоқсанда тұтқынға алынып, Нижегород түрмесіне қамалып, Бутырь түрмесіне жіберілді. Сібірге айдалу Астраханьға жер аударумен ауыстырылып, 1906 ж. осы қалаға төрт жылға кесіледі. Яворскиге Астраханнан шетелге қашуға көмектескен.    

1907 ж. 12 ақпанда Ресей империясы Мемлекеттік думасының  ІІ шақырылымына Нижний Новгород қалалық сайлаушылары съезі атынан сайланады. Астраханьда айдауда жүргенде өзінің сайланғаны туралы естиді. Думада Социал-революционерлер тобы құрамына кіреді. Думаның  азық-түлік және аграрлық,  адам құқығы комиссиялары құрамында болады. Думаның бөлу/реттеу комиссиясының хатшысы болып сайланады. Дума трибунасынан әскери-дала сотын тарату, халыққа азық-түлікпен көмек беру мәселелерін талқылауға қатысқан.

1907 жылы 4 наурызда, яғни Дума ашылғаннан 2 аптадан кейін дәрігер Н. К. Рубисов, Чернигов шаруасы В. И. Хвост, Подольск дін қызметкері А. И. Гринвичпен бірге украина депутаттарына фракция құру мәселесі туралы үндеу жариялайды. Сонымен «Украинская трудовая громада» ұйымын құру бастамасын көтереді, оның құрамына 47 адам кірген.

Дума тарағаннан кейін ірі қалаларда тұру және ресми қызмет атқару құқынан айырылады. Астраханға оралып, жеке медициналық практикамен айналысады. Астрахань қалалық думасының ашық соты болып сайланады. Ақпан революциясынан кейін қалалық атқару комитеті құрамына кіреді. Кейбір мәліметтер бойынша ол осы кезеңде Астрахань медицина институтының профессоры болады. 

Астраханьда жұқпалы сүзек таралуы кезінде ауруларды емдеп жүрген  Нифонт Иванович Долгополов өзі де ауру жұқтырып, 1922 жылы 16 қаңтарда қайтыс болады. Туыстары мәйітін Мәскеуге жеткізіп,  Новодевичье қорымына жерлейді.

Нижний Новгородта Н. И. Долгополов атындағы көше бар.

М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың досы, саяси жер аударылған Федор Иванович Павловтың тарихи прототипі - Долгополовтың бейнесі.

 

 

 

Н. И. Долгополов шығармалары

Произведения Долгополова Н. И.

Долгополов, Н. И. Памяти Льва Николаевича Толстого. Толстой как учитель жизни и педагог [Текст] / Н. И. Долгополов. – Астрахань : тип. Апресянц и Окур, [1911].

Долгополов, Н. И. К вопросу об организации народных медицинских чтений и о необходимоти взаимной связи с этой целью медицинских обществ [Текст] / Н. И. Долгополов // Труды VСъезда Общества русских врачей в память Н. И. Пирогова. – СПб, - тип. Министерства путевых сообщений (товарищества И. Н. Кушнерев и К), 1894.

 

Н. И. Долгополов туралы әдебиеттер

Литература о Долгополове Н. И.


Актаева, Г. Друг великого поэта [Текст] / Г. Актаева // Семипалатинские вести. - 2005. - 28 августа.

Ауэзова, Л. М. Исторические основы эпопеи "Путь Абая" [Текст] / Л.М. Ауэзова; АН КазССР. Ин-т литературы и искусства им. М.О.Ауэзова. - Алматы : Наука, 1969. - 315 с.

Боиович, М. М. Члены Государственной думы [Текст] : (портреты и биографии). Второй созыв / М. М. Биович. - М, 1907. - С. 195.

Вагайцев, Д. Приглашение к поиску [Текст] / Д.Вагайцев // Знамя труда. - 1983. - 26 февр. 

Галиев, В. З. Библиотеки и культурная жизнь Казахстана [Текст] : в XІX- начале ХХ веков / В.З. Галиев. - Алматы : 2005. - 155 с.

Галиев, В. З. Медицинская деятельность ссыльных революционеров в Казахстане (вторая половина XIX века) [Электронный ресурс] / В. З. Галиев. - Алма-Ата : Казахстан, 1982. - 159 с.

Деятели революционного движения в России[Текст]: Т. 3 : Восьмидесятые годы : Вып. 2 : Г - З / Составлен Р. М. Кантором, П. Г. Любомировым, А. А. Шиловым, Н. Кушевой. - 1934. - С. 1204-1206.

Касымбаев, Ж. Старший султан Кунанбай Оскенбаев и его окружение [Текст] : посвящается 200-летию со дня рождения Кунанбая Оскенбаева / Касымбаев Ж. - Изд. 2-е, перераб. - Алматы : Кітап, 2004. - 208 с.

Российский государственный исторический архив. - Ф. 1278. - Оп. 1 (2-й созыв). - Д. 134; Д. 581.

Селезнёв,Ф. А. Долгополов Нифонт Иванович [Текст] / Ф. А. Селезнев // Государственная дума Российской империи: 1906-1917. Б. Ю. Иванов, А. А. Комзолова, И. С. Ряховская. – Москва : РОССПЭН, 2008. - C. 169.

Шур, Х. Воспоминания[Текст] / Х. Шур. - Курск, тип. «Полиграфобъединение» ГСНХ, 1927. - 218 с. 

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Долгополов Нифонт Иванович [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/Долгополов,_Нифонт_Иванович (17.01.2018)