Известные имена

Мейер К.

MeierМейер Карл Андреевич (1795-1855) – ғалым - биолог, Петербург ғылымдар Академиясының академигі.

1795 жылы Витебск (қазіргі Белоруссия) қаласында аптекрь отбасында дүниеге келген. 13 жасында жетім қалып, әкесінен мұраға қалған аптекаға ие болады. Өз бетімен химия, ботаниканы оқып үйренеді.

1813 жылы К.А. Мейер Дерпт (қазіргі Тартус) университетіне оқуға түсіп, фармацевт мамандығын алады.

1918 ж. өзінің ұстазы К.Ф. Ледебурмен Қырымға саяхатқа шығады. Содан кейін аптекасын сатып, Дерпт Ботаникалық бағына түсіп оқиды. 1825 ж. Кенисберг университетінен философия докторы ғылыми дәрежесін алады. Александр Бунгпен бірге Ледебурға көмекші болып, Алтай мен Жоңғарияға (1826-1828) саяхатқа шығады. Мейер бір отрядқа басшылық жасап, Шығыс Қазақстан облысының бір бөлігі – Ертіс өңірі мен Қырғыз даласын зерттеуді қолға алады.

900-ге жуық өсімдік түрін (оның ішінде көптеген тың ашулар), 170 түрлі жәндіктерді, 60-қа жуық құстар мен сүтқоректілерді зерттейді. А.А. Бунге сияқты К.А. Мейер 4 томдық «Алтайская флора» еңбегін жазуға қатысып, Алтай өңірінің халқы мен шаруашылығы туралы мәліметтер жинаған. Мейер зерттеулерінің нәтижесі Ледебурдың «Путешествия по Алтайским горам и джунгарской Киргизской степи» атты жинағына Мейер күнделігі деген атпен енген. Танымал жаратылыстанушы Э.И. Эйхвальдтың жинақтаған Кавказ өсімдіктерін өңдеген.

1829 ж. Мейер Петербург Ғылым Академиясы ұйымдастырған экспедицияға қатысып, Кавказдың бас жоталарының бұрын зерттелмеген өсімдіктерін зерттейді. Экспедиция жұмысы біткен соң қосымша қаржы тауып, Иран шекарасына дейінгі аумақта зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу нәтижелері «Verzeichnis der Pflanzen, welche während der 1829—1830 unternommenen Reise im Kaukasus und in Provinzen am westlichen Ufer des kaspischen Meeres gefunden und gesammelt worden sind» (Описание растений, найденных и собранных в 1829-1830 г. во время путешествия по Кавказу и западному побережью Каспийского моря, 1831) атты еңбекте 2 мыңға жуық өсімдік түрлері, оның ішінде өсімдіктің 100 жаңа түрін, 9 жаңа тұқымның жазбалары енгізілген.

1831 жылы Мейер Петербург ботаникалық бағы директорының орынбасары болып тағайындалады. 1833 ж. Петербург ботаникалық бағы мұражайына коллекция жинап, гербарий және кітаптар әкелу үшін Берлин қаласына іссапарға жіберіледі. Еңбегі үшін бриллиант жүзікпен марапатталған. Еңбексүйгіштігі мен жауапкершілігі К.А. Мейердің қызметінің жоғарылауына көп септігін тигізді. 1839 жылы Петербург Ғылым Академиясының ботаникадан адьюнкт, 1844 ж. төтенше академик, 1845 ж. Штаттағы академик қызметіне ие болды.

1851 жылдан өмірінің соңына дейін Петербург ботаникалық бағының директоры қызметін атқарды. Орыстың тұңғыш «Материал к ближайшему познанию прозябаемости Российской империи» атты флористика-систематикалық журналының негізін қалаушы (1844ж.).

Мейер «өмір өзегі» атанған женьшень емдік өсімдігінің, ғылым үшін белгісіз, империяның түкпір-түкпірінен жиналған тағы бірнеше өсімдіктер түрін жазып қалдырған: Орталық Кавказдан- Коленати, Армениядан - Фрикка, Әжірбайжаннан – Шовица, Түркістаннан - Шренка т.б. Мейер сонымен қатар Тамбов, Вятск губерниясының өсімдіктер түрінің тізімін жасаған. Вольный экономикалық қоғамының мүшесі (1843).

«К.Мейердің ботаникалық дүкені» Мәскеудің Кузнец Көпірінде № 22-24 үйде орналасқан.

Мейер – бірқатар ботаникалық таксон атауларының авторы. Ботаникалық (бинарлық) номенклатурада осы атаулар қысқаша «C.A.Mey.» деп белгіленеді. Мейер Анна Федоровна Мейзенгаузенге үйленген. К.А. Мейер 1885 жылы 24 февралда Санкт – Петербургте қайтыс болған.
Мына өсімдіктерге Мейер есімі берілген:
Мейер доланасы (Crataegus meyeri) Pojark. 
Мейер минуарциясы (Minuartia meyeri Boiss.) Bornm. (син. Alsine meyeri Boiss.)
Мейер шытырмағы (Lepidium meyeri) Claus. и десяток других растений 
Таймыр түбегіндегі бір бұлаққа Мейер есімі берілген.

К.А. Мейердің еңбектері

Произведения К. А. Мейера



•Tagebuch auf einer Reise durch die Kirgisen-Steppe zum Noor-Saisan und Altyn-Tubé // C.F. von Ledebour's. Reise durch das Altai-Gebirge, etc. – Th. 2. 1829, etc. 8º. 
•Flora altaica / Ledebour, Karl Friedrich, Bunge, Alexander, Meyer, Carl Anton. - Berolini, 1829-33. - 4 vols. 
•Verzeichniss der pflanzen, welche während der, auf allerhöchsten befehl, in den jahren 1829 und 1830 unternommen reise im Caucasus und in den provinzen am westlichen ufer des Caspischen Meeres gefunden und eingessamelt worden sind. Bericht, abgestattet an die Kaiserliche akademie der wissenschaften, in St. Petersburg, in ihrer sitzung vom 30 märz (11 april) 1831. - St. Petersburg, 1831 
•Index seminum, quae Hortus Botanicus Imperialis Petropolitanus pro mutua commutatione offert : accedunt Animadversiones botanicae nonnullae / Friedrich Ernst Ludwig Fischer, Carl Anton Meyer. - St. Petersburg, 1835 
•Verzeichnis der im Jahre 1833 am Saisang Nor und am Irtysch gesammelten Pflanzen. – St.-Petersburg, 1841 
•Enumeratio plantarum novarum a cl. Schrenk lectarum / F. E. L. Fischer, C. A. Meyer. - Petropoli, 1841-1842 
•Florula provinciae Tambow (
СПб., 1844) 
•Beitråge zur Pflanzenkunde des Russischen Reiches / Meyer, Carl Anton, Ruprecht, Franz Joseph, Claus, Carl Ernst, Veesenmeyer, Gustav, Borshchov, Il'i͡a Grigor'evich. - St. Petersburg, 1844-1859. – 11 vols. 
•Ueber einige Cornus-Arten, aus der Abtheilung Thelycrania // Mémoires de l'Académic Impériale des Sciences, Sc. natur,” T. V., besonders abgedruckt. - St. Petersburg, 1845 
•Jardin de Saint-Pétersbourg, 1846. (Sertum Petropolitanum seu icones et descriptiones plantarum quæ in horto botanico ... floruerunt) / Friedrich Ernst Ludwig von Fischer, Carl Anton Meyer. - St. Pétersbourg, 1846. 
•Versuch einer Monographie der Gattung Ephedra (St. Petersburg, 1846,
с 8 таблицами) 
•Über die Zimmtrosen : insbesondere über die in Russland wildwachsenden Arten derselben. Ein Beitrag zu der Flora Russland's // Reprinted from: Mémoires de l'Académie impériale des sciences de St.-Pétersbourg, sér. 6, Sciences naturelles, t. 6. - St.-Petersburg, 1847. 
•Florula provinciae Wiatka (
СПб. иЛейпциг, 1848). 
•Verzeichniss der von dem Herrn Dr Kolenati in dem mittlern Theile des Caucasus, auf dem Kreuzberge, dem Kasbek und in den zunächst gelegenen gegenden gesammelten Pflanzen //
МатеріалыкъближайщемупознаніюпрозябаемостиРоссійскойИмперіи // Beiträge zur Pflanzenkunde des Russischen Reiches. - T. 6. - 1849 
•Kleine Beiträge zur nähern Kenntniss der Flora Russlands // Mémoires, sciences naturelles, T. VII besonders abgedruckt. - St. Petersburg, 1850 
ПутешествиепоАлтайскимгорамиджунгарскойКиргизскойстепи / ЛедебурК.Ф., БунгеА.А., МейерК.А. – Новосибирск, 1993



К.А. Мейер туралы әдебиет

Литература о К.А. Мейере



Ruprecht F. J. D-r Carl Anton Meyer // Bot.
Zeitung. — 1855. — С. 374—375. 
Г.П. Яковлев. Фармакогнозия: Лекарственное сырье растительного и животного происхождения. – СПб, 2010. – С. 792 
Колосов A.M., История фаунистических исследований Алтая, «Труды Алтайского 
государственного заповедника», М., 1938, вып. 1.

 

К.А. Мейер туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар

Статьи о К. А. Мейере в периодических изданиях

Ташкимбаев А. Последнего нищего видел в Нижнем [Текст] : [О путешествии ученых Дерптского ун-та К.Ледебурга,А.Бунге,К.Мейера по Алтаю в 1826 г.] / Ташкимбаев А. // Рудный Алтай. - 1996. - 21 нояб. - С.

Лухтанов А. В казахской степи [Текст] / Лухтанов А. // Семь дней. - 2004. - 8, 15 окт. - С. 8.

Кущ Г. Их имена - история города [Текст] : [история усть-каменогорского казачества] / Г. Кущ // Семь дней. - 2010. - 24 июня. - С. 9.; 30 июня. - С. 9.

Кущ Г. Их имена - история нашего города [Текст] : [история усть-каменогорского казачества] / Г. Кущ // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2010. - N 6. - С. 19-22.

Кущ Г. Путеводные рассказы [Текст] : [описание Восточного Казахстана в дневниках путешественников XVIII-XIX вв. ] / Г. Кущ // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2010. - N 7. - С. 15-17. ; Семь дней. - 2010.; 29 июля. - С. 9.

Кашляк, В. Путешествие по степи [Электронный ресурс] / В. Кашляк // 7 дней. - 2015. - 9 апреля. - С. 7.