Известные имена

Ғайса С.


Gaisin

Ғайса Сәкен Жүнісбекұлы (1964 ж.) – өлке зерттеушісі

Ғайса Сәкен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылында дүниеге келген. Осы ауылда бастауыш мектептің табалдырығын аттап, онжылдықты 1981 жылы Алмасай ауылындағы Абай атындағы мектептен бітіреді.

Әскери борышын 1982-1984 жылдары Ленинград қаласында өтейді.

Әскерден соң Өскемен педагогикалық институтынан оқуға түсіп, 1989 жылы тарихшы мамандығын алып шығады.1989-1992 жылдары мектеп және қалалық кәсіптік-техникалық училищесінде тарих және қазақ тілі пәндерінен сабақ береді.

1992-1993 жылдары депутаттардың облыстық Кеңесі аппаратында аудармашы, баспасөз-хатшысы лауазымдарын атқарады.

1993-1995 жылдары Үлбі әкімдігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 1995-1996 жылдары облыстық Спорт, туризм және жастар комитетінде жастар бөлімінің меңгерушісі, 1996-1998 жылдары облыстық мәдениет басқармасының «Тарихи мұраларды қорғау» инспекциясының бастығы қызметін атқарады.

1998 жылдан 2009 дейін «Тұрмысы төмен азаматтарды қорғау» жөніндегі аймақтық қордың менеджері болып қызмет атқарды.

2009 - 2023 жж. «Шығыс шапағаты» қоғамдық қорының директоры болған.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ШҚО мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК ғылыми археология бөлімінің меңгерушісі.

2006 жылы Орта Азия университетін тәмамдап, заңгер мамандығын игерген.

Отбасылық жағдайы: жұбайы - Раушан, қыздары - Құралай, Назерке.

2015 жылы «Көкпен таласқан Көктауым киелі мекенім Ақбауыр» атты кітабы жарық көрді.

2020 жылы автордың «Күшбірлік» атты жаңа кітабы жарыққа шықты. Автор кітабында Ұлан өңірін жоңғар шапқыншылығынан бері қоныс еткен ата-бабалар тарихы, Кеңес өкіметін құру жылдарындағы адамдардың жанкешті еңбегі, Ұлы Отан соғысына қатысқан даңқты жерлестері, қуғын-сүргін құрбандары, қазіргі замандастары жайында баяндайды. Кітапқа өлке тарихының куәгерлеріне айналған адамдардың фотосуреттері, атасы мен әкесінің, олардың замандастарының фотосуреттері енген.

Ғайса Сәкен туған өлкесіне сүйіспеншілікпен қарайды, өлкетану мәселелеріне көп мән береді, тарихты зерттеумен айналысады. Бұл – оның жарияланымдары мен шығармаларынан көрініс тапқан.

 

С. Ғайсаның шығармалары
Произведения С. Ғайса
Кітаптар – Книги

 

  

Ғайса, С. Көкпен таласқан Көктауым, киелі мекенім Ақбауыр / С.Ғайса. - Өскемен: Рекламный Дайджест, 2017. - 272 б.

Ғайса, С. «Күшбірлік» / С. Ғайса. - Өскемен, 2020. - 186 б.

 

***

 

Ғайсин, С. Бірлік ертеде басталған / С. Ғайсин // Коммуниз туы. - 1990. - 30 қаңтар.

Ғайсин, С. "Қасқырға қой жайғызбасақ" / С. Ғайсин // Дидар. - 1992. - 28 мамыр.

Ғайсин, С. Тілге қамқоршы халықтың өзі: [Өскемен қаласында қазақ тілін өрістету шаралары туралы] / С. Ғайсин // Дидар. - 1995. - 14 ақпан.
Ғайса, С. Тарихи және мәдени ескерткіштерді көздің қарашығындай сақтайық: [облысымыздағы тарихи маңызы бар ғимараттарды қорғау туралы] / Ғайса С // Дидар. - 1998. - 17 ақпан. - Б.
Ғайса, С. Елге төменгі пайызбен несие бере аламыз ба?: сұхбат / С. Ғайса ; әңгімелеск. Ғ. Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2009. - 10 маусым. - Б. 6.
Ғайса, Сәкен. Бар болсаң - халқыңа пайдаң тисін / С. Ғайса // Дидар. - 2010. - 31 шілде. - Б. 5.
Ғайса, Сәкен. Қасым мен Ізғұтты оқыған мектеп / С. Ғайса  // Дидар. - 2018. - 6 наурыз. - Б. 6.
Ғайса, Сәкен. Молодежное атауы қалай өзгертілді? / С. Ғайса // Дидар. - 2018. - 13 қазан. - Б. 5.
Ғайса, Сәкен. Жалған жаламен солақай саясаттың құрбаны болған қос ғашық : қуғын-сүргін құрбандары туралы / С. Ғайса // Ұлан таңы. - 2023. - 26 мамыр. - Б. 6
Ғайсаұлы, Сәкен. Қазақ жастарын өнеркәсіп саласына тартқан азамат : даңқты жерлесіміз Рақымбай Төлебайұлы жайлы бір үзік сыр / С. Ғайсаұлы // Дидар. - 2025. - 9 қаңтар (N1-2). - Б. 22.

 

***

Гайсин, С. Дело особой важности: [о подготовке Уланского района к 50-летию победы в Великой Отечественной войны] / С. Гайсин // Рудный Алтай. - 1995. - 11 февр.

Гайса С.  Творить добро другим во благо: [о марафоне "Творить добро - 2016", в рамках которого более 1100 членов малообеспеченных семей получили материальную и моральную помощь] / С.  Гайса // Рудный Алтай. - 2017. - 17 января. -  С. 2

Гайса С. Творить добро - счастливый наш удел!: [о деятельности Восточно-Казахстанского фонда по поддержке малообеспеченных граждан] / Гайса С. // Рудный Алтай. - 2000. - 1 янв. -  С. 3

Гайсин, С. Улице - имя учителя: [центральной улице села Ахмирово присвоено имя Г.Аязбаева] / С.Гайсин // Рудный Алтай. - 2003. - 14 янв. - С. 1.
Гайсин С. Современное состояние финансового рынка Казахстана / Гайсин С. // Саясат (Политика). - 2004. - №2. -  С. 63-65

 

 

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве

 

Әміренов, М. Нардың жүгін арқалаған азамат / М. Әміренов // Айқын. - 2017. - 6 қазан. - Б. 8. - Өскемен қаласының тұрғыны Сәкен Ғайсаның "Көкпен таласқан Көктауым, киелі мекенім Ақбауыр" кітабы жарыққа шықты.