Клинк Владимир Владимирович (1910-1979) – өлкетанушы, партия және еңбек ардагері, Лениногорск (қазіргі Риддер) қаласының құрметті азаматы.
Владимир Владимирович Клинк Риддер кеншілер ауылының алғашқы пионерлерінің бірі болды. 1921-1926 жж. Риддер тау-кен кәсіпорнының басшысы Р. А. Дрейманның нұсқауымен Семей балалар үйіне жіберіліп, 1925 жылы комсомол қатарына қабылданып, 1926-1927 жж. пионер жетекшісі болып жұмыс істеді.
1927-1929 жж. Семей аудандық кеңестік партия мектебінде оқыды, одан кейін 1933 жылға дейін Риддер зауыттық жетіжылдық мектебінде (ЖЗМ) тарих және қоғамтану пәндерінен сабақ берді. 1933 жылы партия қатарына қабылданды, 1936 жылға дейін Крупской атындағы Мәскеу коммунистік академиясының студенті болды. Сол жылы педагогикалық институттың студенті Е. Ф. Решетниковаға үйленді.
Академияны бітіргеннен кейін саяси ағарту жұмысын ұйымдастырушы және мұғалім мамандығын алып Қиыр Шығысқа, Хабаровск қаласына жіберіледі. 1938 жылы ұлы Олег дүниеге келді. Хабаровск және Биробиджан қалаларында Клинк В. В. Бүкілодақтық коммунистік партия
комитетінің мектебі мен ғылым бөлімінде нұсқаушы, тарих пәнінің мұғалімі, облыстық халық ағарту басқармасы бастығының орынбасары, облыстық дәрістік бюросының директоры, штаттық оқытушы болды.
1942 жылы қыркүйекте жалған жала негізінде 10 жылға бас бостандығынан айырылды, отбасы бұзылды. Лагерьде тұтқындар арасынан үгіт-насихат бригадасын құрады. 1952 жылы Клинк В. В. Лениногорскқа келіп, пионер лагерінде мұғалім болып жұмыс істей бастады, кейін қала мектептерінде тарих пен географиядан сабақ берді. Ол 1958 жылы ақталды. 1962 жылы Владимир Владимирович өзінің жігері мен бастамасының арқасында құрылған Лениногорск тарихи-өлкетану мұражайының директоры болып тағайындалды.
Клинк В. В. қалалық кеңестің депутаты, мектеп туризмін дамыту жөніндегі облыстық кеңестің мүшесі, «Білім» қоғамының мүшесі, Қазақстан Компартиясы қалалық комитеті жанындағы идеологиялық комиссияның мүшесі, «Лениногорская правда» газеті жанындағы қоғамдық қабылдау бөлімінің мүшесі, қалалық комсомол ардагерлері кеңесінің төрағасы болды.
Негізгі және қоғамдық қызметі үшін «Ерен еңбегі үшін», «В. И. Лениннің туғанына 100 жыл» медальдарымен, «Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамоталары және дипломдарымен марапатталған. 1970 жылы Лениногорск қаласының құрметті азаматы атағы берілді.
В. В. Клинктің баспа жұмысы негізінен өлкетанулық сипатта болды, 1929 жылы «Риддерский рабочий» газетінде, одан кейін Қиыр Шығыстағы «Тихоокеанская звезда», «Борба», «Пограничный транспортник», «Знамя пионера» газеттерінде, 1952 жылдан бастап «Лениногорская правда» газетінде, одақтық, республикалық, анда-санда облыстық газеттер мен журналдарда жариялана бастады; облыстық телевидение мен радиода сөз сөйледі, Мәскеу мен Алматыда шыққан екі тарихи очеркті жасауға атсалысты, Лениногорск қаласының тарихына қатысты ғылыми еңбектерге шолу жасады, сценарийлер жазды, дәрістер оқыды.
Оның шығармашылық қызметінің басты жетістігі 6 томдық «Өлкетану жазбаларын» жасау болды, олардың кейбір бөліктері «Лениногорская правда» газетінде жарияланды.
Владимирович Клинк ұзаққа созылған аурудан 1979 жылы 7 желтоқсанда қайтыс болды.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалар
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Клинк, В. Комиссия Михайлова [Текст]: [о национализации заводов Л. Уркварта] / В. Клинк // Рудный Алтай. - 1975. - 29 мая. - С. 4.
Клинк, В. Киров и Рудный Алтай [Текст]: [к 90-летию со дня рождения С. М. Кирова] / В. Клинк // Лениногорская правда. - 1976. - 27 марта.
Клинк, В. Творец русского булата [Текст] / В. Клинк // Лениногорская правда. - 1976. - 29 мая.
В. В. Клинк туралы әдебиеттер
Произведения о Клинке В. В.
Немцев, М. С. "Лениногорск литературный" [Текст]: биографический справочник / М. С. Немцев - Лениногорск: Полиграф-Сервис, 2002. - 167 с.
Немцев, М. С. Литературный Риддер [Текст]: биографический справочник / М. С. Немцев. - Усть-Каменогорск: Медиа - Альянс, 2012. - 245 с.
Мақалалар-Статьи
Хабаров Ю. Щедрость души [Текст] : [О почетном гражданине г. Лениногорска В. В. Клинк] / Хабаров Ю. // Лениногорская правда. - 1998. - 23 янв.
Абитов Е. Дом, где время течет медленно и мудро [Текст] : [о Риддерском историко-краеведческом музее (55 лет)] / Е. Абитов // Рудный Алтай. - 2016. - 21 апреля. - С. 13
Интернет ресурстар
Интернт-ресурсы
Клинк Владимир Владимирович [биография]: сайт.–Режим доступа:
http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1756/ridder