Иван Григорьевич Андреев (1743-1801 жж.) өлкетанушы, этнограф.
Иван Григорьевич - орыс этнографы, тарихшы. Ұзақ жылдар бойы Ямышев, Омбы, Бұқтырма, Өскемен, Семей бекіністерінде әскери қызметте болған. Сібір губернаторының тапсырмасымен қазақтардың шаруашылығы, әдет-ғұрпы, шығу тегі жөнінде нақты деректер жинады. Ол туралы деректердің барлығын оның «Үй жылнамасы» атты күнделігінен оқи аламыз. Семейдің топограф. суреттемесін аяқтады. Иван Григорьевичтің қазақтар туралы мәліметтері “Новые ежемесячные сочинения” деген журналда және “Орта жүз қырғыз-қайсақтарының суреттемесі” деген еңбегінде жарияланды.
Капитан И.Андреев жыл сайын ғылыми тапсырмалар орындап отырған. 1777 жылы Семей қаласындағы шіркеудің салынуы жайында жылнама жазған.
Оның жетекшілігімен 1764 жылы Омбы қаласында Сібірдегі алғаш театр қойылымы ұйымдастырылады.
Орыс интеллигенті, Иван Григорьевич Андреев біршама ерлік жасады. Ол ғылым жолында еңбек етіп, өлке дамуына ықпал жасап, қазақ халқының өркендеуіне қамқорлық еткен.
Әдебиет
Алексеенко Н.В. Хранители памяти.- Алма-Ата: Казахстан, 1988.- 144 с.
Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков/ Фонд Сорос-Казахстан; Составление, транскрипция скорописи XVIII в., специальное редактирование текста и комментарии И.В. Ерофеевой.- Алматы: Гылым, 1998.- 280 с.
Герасимов Б.Г. Избранные труды: факсимильное издание/ Сост., предисл., примеч., О.В. Жандабековой.- Усть-Каменогорск: Шыгыс баспа, 2000.- 335 с.
Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР/ Отв. ред. Р.Б.Сулейменов.- Алма-Ата: Наука, 1966.- 322 с.
Щербик Е.Е., Щербик Г.А. Коменданты Усть-Каменогорской крепости/ Региональный вестник Востока.- 2001.-N 2.-С. 181- 190. Деловой Усть-Каменогорск http://www.aaa.kz.- 2001.-N 2.-С. 20-21