Иевлев Павел Антонович (1906-1988) - өлкетанушы, журналист
Павел Иевлев 1906 жылы 17 наурызда Алтай өлкесінің (Ресей) Чарыш селосында туған.
17 жасынан тайгадағы Татарка селосында ауылдық Кеңес секретары болып қызмет істеген. Әдеби шығармашылығы «Риддерский рабочий», «За Большой Риддер» («Ульбастрой»), «Прииртышская правда» газеттерінен басталған.
1938-1940 жылдары «Қазақстанда зерттеу қоғамының» Риддер басқармасы аудандық бөлімінің секретары болып сайланды. 1940 жылы «Жиырмасыншы жыл» атты комсомолдық жыр жинақта өлеңдері жарық көрді.
П.А. Иевлев – Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Қызыл Жұлдыз», І-дәрежелі Отан соғысы ордендерінің, «Ерлігі үшін» медалінің т.б. көптеген марапаттардың иегері. Соғыстан кейінгі жылдары «Алтай большевигі», «Лениногорская правда» т.б. өңірлік баспасөзде қызмет етті.
П.А. Иевлев- КСРО Журналистер Одағының мүшесі. Лениногорск қаласының тарихы туралы жазылған алғашқы еңбек - «Риддер-Лениногорск» кітабының авторы. Кітаптың құжаттарын автор 27 жыл бойы жинаған.
1978-1984 жылдары Павел Анатоьевич Иевлев «Лениногорская правда» газетінің жанындағы «Родник» әдеби бірлестігін басқарды. Оның мақалалары «Ленинская смена», «Рудный Алтай», «Лениногорская правда» газеттерінде жүйелі түрде басылып тұрды.
П. А. Иевлев туралы әдебиет
Литература об Иевлеве П. А.
Кітаптар - Книги
Немцев, М. С. "Лениногорск литературный": биографический справочник / Немцев М. С. - Лениногорск : Полиграф-Сервис, 2002. - 167 с.
Немцев, М. С. Литературный Риддер : биографический справочник / Немцев М. С. - 2-е изд. - Усть-Каменогорск : Медиа - Альянс, 2012. - 245 с
Мақалалар - Статьи
Творчество не знает старости // Рудный Алтай. - 1986. - 17 апр.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Иевлев Павел Антонович (1906 – 1988 гг.) – журналист, краевед, член Союза журналистов СССР. [Электронный ресурс] //Официальный ресурс «Государтсвенный архив Восточно-Казахстанской области и его филиалы»: сайт. – Режим досупа: http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1778/ridder