Макеев Иван Георгиевич (1911-1985) – журналист, өлкетанушы
1911 жылы 26 қыркүйекте Ленинград облысының Лужск ауданындағы Олешно ауылында, кедей шаруаның көпбалалы отбасында дүниеге келген.
1927 жылы И.Г. Макеев Нежадовканың алты жылдық ауыл мектебін бітірген. Ленинград әскери байланыс мектебіне қабылданбағаннан кейін И.Г. Макеев алдымен әскери мектепке, кейін Ленинград кеме жасау зауытына жұмысқа орналасады. Ол журналистикадағы алғашқы қадамдарын зауыттың көп тиражды газетінде бастайды. Иван Георгиевич қажырлы еңбегінің, өздігінен білім алуы, зауыттағы комсомол өміріне белсенді қатысуының арқасында Ленинградтағы Воровский атындағы Коммунистік журналистика институтына оқуға жіберіледі. Оны 1933 жылы бітіргеннен кейін ол БЛКЖО ОК-нің Алматы қаласындағы (Алматы) "Ленинская смена" комсомол газетіне жұмысқа жолдамасын алады.
Иван Георгиевич Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін "Ленинская смена", "Казахстанская правда", "Карагандинский комсомолец", "Правда южного Казахстана" газеттерінің редакцияларында, сондай-ақ Қарағанды, Шымкент облыстарының комсомол және партия ұйымдарында жұмыс істеген.
1941 жылдың қараша айында И.Г. Макеев әскер қатарына шақырылып, саяси құрам курсын бітіріп, аға саяси басшы атағын алады да, 1941 жылдың желтоқсан айында Самарқанд қаласында құрылған 103-атқыштар дивизиясына қызметке келеді.
1942 жылдың мамыр айында Иван Георгиевич қызмет еткен полк қоршауға түседі. Осылайша әскери тұтқындар лагерлерінде, концлагерьлерде шексіз азапты күндер басталады. Тек 1945 жылдың мамыр айында американдық әскерлер азат етеді. 1945 жылдың қазан айында Отанына оралып, әскери атағы қалпына келтіріліп, әскерден босатылады.
Соғыстан кейін Иван Георгиевич Макеев журналистік қызметін жалғастырып, қоғамдық өмірге белсенді араласады. 1953 жылы Иван Георгиевич Өскеменге келеді. Мұнда ол "Знамя коммунизма", "Голос народа", "Рудный Алтай" газеттерінде жұмыс істейді. Иван Георгиевичтің еңбек және әскери жолы көптеген марапаттармен марапатталды.
И.Г. Макеевтің өлке және республика комсомолының тарихы, Алтайға келген Питер коммунарларының тағдыры туралы, алғашқы коммуналардың тарихы, Павел Петрович Бажов туралы өлкетану материалдары өлкетануды дамытуда ғылыми-тарихи құндылыққа ие. Оның өлкетану жұмысында Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықовтың өмірі мен тағдыры туралы материалдар ерекше орын алады. Құжаттар басым бөлігі түпнұсқа болып табылады: естеліктер мен хаттар, І. Айтықовтың қаруластары, туыстары мен жақындарының фотосуреттері. І. Айтықовтың майданнан анасына қазақ тіліндегі жазған түпнұсқа хаты ерекше құнды болып саналады.
Иван Георгиевич Макеев 1985 жылы желтоқсанда қайтыс болды.
И.Г. Макеев туралы әдебиет
Литература о И.Г. Макееве
Мұрағат мекемелерінің Қазақстан тарихында алатын орны = Роль архивных учреждений в истории Казахстана : Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты орталығының құрылғанына 70 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары / Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік мекемесі. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2010. - 259 б.
Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы
Макеев И. Г. ГАВКО, ф.745, оп.1, 138 ед.хр., 1922-1985 г.г. [Электронный ресурс] : [биография]//Официальный сайт Государственного архива ВКО и его филиалы. – Режим доступа: http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1451
Информационное письмо к 110- летию со дня рождения Макеева Ивана Георгиевича – журналиста, краеведа, участника Великой Отечественной войны [Электронный ресурс] : [биография]//Официальный сайт Государственного архива ВКО и его филиалы. – Режим доступа: http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/42514
Макеев Иван Георгиевич (1911-1985) [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный сайт Ветераны Восточно-Казахстанской области. – Режим доступа: http://veteran-vko.kz/ru/veterans.htm?id=146