Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Тихоновская П. С.

Тихоновская Прасковья Семеновна

Тихоновская Прасковья Семеновна (1918) - ҚазКСР Халық ағарту ісінің үздігі, Риддер қаласының Құрметті азаматы

1918 жылы 28 қазанда Риддер қаласында дүниеге келген.

1937 жылы мектепті, 1941 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын бітіріп, Сталиндік стипендия алған. Ол Лениндік комсомолмен бір мезгілде дүниеге келіп, соның құрамында болған. 2002 жылы «Комсомольская правда» (Қазақстан) газеті редакциясының сауалнамасы бойынша Прасковья Семеновна Қазақстанның ең аға комсомолы болған.

Институтты бітіргеннен кейін П. Тихоновская үйіне Лениногорск қаласына оралады. Еңбек жолын № 14 мектептен бастайды, бір айдан кейін – меңгеруші, үш айдан кейін – директор, ал 1942 жылы маусымда Қалалық білім бөлімін басқарады. 1943 жылы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары және Шығыс Қазақстан облыстық еңбек депутаттары кеңесінің (Өскемен қ.) Атқару комитеті жанындағы әскери қызметшілер отбасыларын мемлекеттік қамтамасыз ету және тұрмыстық орналастыру бөлімінің меңгерушісі болып сайланады. Екі жылдан кейін ол Лениногорға оралып, қайтадан қалалық білім бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Содан кейін оның қызметтік жолы келесідей болады: 1949 жылы – Лениногор қалалық партия комитетінің хатшысы, 1951 жылы – Қазақстан Компартиясының VI съезінің делегаты, кейін Шығыс Қазақстан облыстық білім комитетінің бөлім меңгерушісі, 1959 жылы – Ю.Гагарин атындағы мектеп-интернатының директоры, 1963 жылы – №11 мектептің директоры болып, 1968 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Прасковья Семеновна әйгілі саясаткерлер, ғалымдар, суретшілер, жазушылар, әншілер, ақындармен кездескен. Олардың көпшілігімен ол ұзақ уақыт қарым-қатынас орнатқан. Леонид Соболевті (жазушы, «Счастье маленького Тулегена» очеркінің авторы) көрген, М.Әуезовпен бірге оқыған, Жамбыл мен Дина Нұрпейісова арасындағы поэтикалық айтыстың куәгері болған.

Прасковья Семеновна «Город рабочей доблести» кітабының авторлары мен редакторларының бірі, «Простор» журналында бірнеше рет жарияланған, ал «Лениногорская Правда» газетінде оның Риддер-Лениногорск, Стаханов қозғалысы, КСРО Жоғарғы Кеңесінің қазақстандық алғашқы депутаттары, Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров, қаланың құрметті азаматтары туралы 80-нен астам еңбектері басылған.

 

Литература о П. С. Тихоновской

П. С. Тихоновская жайлы әдебиет

 

Мухамеджанова, Г. Тихоновская П. С. - краевед г. Риддера [Текст] / Г. Мухамеджанова // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. - 2008. - № 12. - С. 11-12 : портр.

 

Статья П. С. Тихоновской

П. С. Тихоновская мақаласы

 

Тихоновская, Прасковья Семеновна. Живу, пока помню [Текст] / П. С. Тихоновская // Рудный Алтай. - 2009. - 7 марта. - С. 3 ; 17 марта. - С. 3

 

Электронный ресурс о П. С. Тихоновской

П. С. Тихоновская жайлы электронды ресурс

Электронный ресурс: family-ridder.kz