Шренк Александр Иванович (1816-1876) - Шығыс Қазақстан өлкесін зерттеуші.
1816 жылы 4 ақпанда Тула губерниясында дүниеге келген. 1837 жылы Дерпт университетін бітіргеннен кейін (Тарту қ.) Петербург ботаникалық бағына жұмысқа орналасады. Ол алғашқы экспедициясын Приуральское Заполярьегежасайды. 1840-1843 жылдары Қазақстанға экспедициялар жасап, біздің өңірге бірнеше рет келіп, Тарбағатай жері мен Алакөл ойпатының көлдерін зерттеумен айналысты. Саяхат барысында А. И. Шренк гидрографиялық желіні (өзендерді) қолдана отырып, зерттелген аудандардың схемаларын жасады, ботаникалық коллекциялар жинады. Ғалым Тарбағатайда және Зайсанның оңтүстігінде өсетін сирек кездесетін ақшыл сепкілгүлді сипаттады, қазіргі уақытта ол Қызыл кітапқа енгізілген. 1841 жылы«Русскийинвалид» газетінде оның «Путешествия Шренка к озеру Балхаш и в Тарбагатай» атты еңбегі туралы пікір жарияланды. А. И. Шренк 19 ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның аудандарын кеңінен зерттеген алғашқы ғалым болды. Өкінішке орай, оның Қазақстан туралы барлық дерлік еңбектері неміс тілінде жазылған және әлі күнге дейін аударылмаған.
А. И. Шренк туралы әдебиет
Литература о Шренк А. И.
Кітаптар – Книги
Лухтанов А. Забытое путешествие Александра Шренка // Лухтанов А. Алтайское притяжение. - Усть-Каменогорск, 2006. - С. 59-65.
Мақалалар - Статьи
Вилесов, Е. А.И.Шренк - один из первых исследователей природы Казахстана / Е. Вилесов // География в школах и ВУЗах Казахстана. - 2017. - №4. - С. 11-12
Вологодская, Г. Исследователь, энциклопедист, поэт : [об Александре Шренк] / Г. Вологодская // Казахстанская правда. - 2021. - 12 февраля. - С. 10.