Известные имена

Беспаев Х. А.

bespaev

Беспаев Х. А. (1933) – кеңес және қазақ геологиялық-геохимигі, геология-минералдық ғылымдарының докторы (1985), профессор (1994).

1933 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауылында дүниеге келген.

1955 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын (Қазіргі ҚазҰТУ) тәмамдайды. 1955-1957 жылдары – «Казолово» кен басқармасының аға геологы, 1957-1964 жылдары - Алтай тау-кен металлургия ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Алтай бөлімі, Өскемен қаласы) ғылыми қызметкері, 1964-1971 жылдары - бөлімнің ғылыми хатшысы, академик-хатшының орынбасары, төрағаның орынбасары, Қазақстан ҒА Төралқасының ғылыми хатшысы болған. 1971-1995 жылдары зертхана меңгерушісі, 1995 жылдан Геология ғылымдары институтының директоры.

Негізгі ғылыми еңбектері кен орындарының геохимиясына арналған. Кен орындарының пайда болуының геологиялық жағдайларын, кен элементтерінің таралу заңдылықтарын зерттеген. Риддер-Соколов кен орнында алтын кен орнын ашып, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізген (1997).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1995)

 Х. А. Беспаевтың ғылыми еңбектері 

Научные труды Х. А. Беспаева

 

Беспаев, Х.А. Геохимическая эволюция магматических формации Рудного Алтая, Проблемы петрологии Казахстана, т. 2, [Текст] / Х.А. Беспаев. – Алма-Ата, 1975

Беспаев, Х.А. Колчеданно-полиметаллические месторождения Прииртышского района, [Текст] / Х.А. Беспаев. – Алма-Ата, 1988 (соавт.).

 Х. А. Беспаев туралы әдебиет

Литература о Х.А. Беспаеве

 

Беспаев, Халел Абдулхакович // Казахстан. Национальная энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004.- Т. I. 

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Беспаев Халел: б. 270.