Бубличенко Н. Л. (1899-1990 жж.) – геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор (1940), Қаз КСР ҒА корреспондент-мүшесі (1958), Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).
1899 жылы 9 қазанда Харьков қаласында медицина қызметкері отбасында дүниеге келген. 1924 жылы Ленинград тау-кен институтын (қазіргі Санкт-Петербург тау-кен университеті) бітірген. Алтайда, Қаратауда және Балқашта геолог болып жұмыс істейді. 1939-1950 жылдары - Қазақ КСР ҒА Геология секторының бас қызметкері, 1951-1969 жылдары - Өскемен қаласының Алтай тау-кен металлургия ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1963-1973 жылдары - Қазақстан Геология институтының Алтай бөлімінің ғылыми жетекшісі; 1973-1982 жылдары - осы институттың ғылыми қызметкері әрі кеңесшісі болған.
Палеозойдың стратиграфиясы мен палеонтологиясы бойынша ғылыми еңбектер жазған. Қазақстан аумағында төмен-жоғарғы девонның, ал Кузбасста — жоғарғы силурдың шөгінділері бар екенін бірінші болып дәлелдеген.
2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
1990 жылы 2 шілдеде Ленинград қаласында (қазіргі Санкт-Петербург) қайтыс болған.
Н. Л. Бубличенконың ғылыми еңбектері
Научные труды Бубличенко Н. Л.
Бубличенко, Н. Л. Брахноноды нижнего карбона Рудного Алтая (тарханская свита) [Текст] / Н. Л. Бубличенко. – Алма-Ата, 1971.
Бубличенко, Н. Л Принципы и методы прогнозирования медно-колчеданного полиметаллического оруденения, [Текст] / Н. Л. Бубличенко. - Москва, 1972.
Бубличенко, Н. Л. Брахноподы среднего и верхнего девона Рудного Алтая, [Текст] / Н. Л. Бубличенко. – Алма-Ата, 1974.
Бубличенко, Н. Л Геологическая изученность СССР, [Текст] / Н. Л. Бубличенко. - Москва, 1983.
Н. Л. Бубличенко туралы әдебиет
Литература о Н. Л. Бубличенко
Бубличенко, Николай Лазаревич // Казахстан. Национальная энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. - Т. I.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Бубличенко Николай Лазаревич: б. 284.