Известные имена

Мұхамеджанова С.

MuchametshanovaМұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы (1970-1986) - желтоқсан құрбаны

1970 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге келген. 1977 жылы «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебінің бірінші сыныбына оқуға қабылданған. 1984 жылдары осы мектепті «өте жақсы» деген бағамен үздік бітіріп, Өскемен педагогикалық училищесіне оқуға түседі.

1986 жылдың желтоқсанындағы оқиға Алматыда әскер күшімен басылды. Бірақ, дүмпу бірден басылмай, Жезқазған, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды және Өскемен секілді қалаларға жайыла түсті. Дүйім қазақ жастарының қозғалысына ұласты. Сондай қаланың бірі Өскемен болатын. Барлық жоғары және орта оқу орындарының студенттері желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында Ленин атындағы орталық алаңға жиналып, өздерінің бейбіт мақсаттағы тілек мүдделерін жеткізбек болған.  Айыпты деп танылған он беске тарта студент қамауға алынды. Тергеу барысында жастардың пікірі мен сөзіне құлақ түрген ешкім болмады. Тек біржақты қараланып, яғни ұлтшыл деген жала жабылып, орынсыз қорлауға жол берілді. Тергеудің соңы «ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» Сәбира Мұхамеджанова деп танылады.

Әрине, небәрі он алты жастағы қыз мұндай жаланы көтере алған жоқ, ол өз ұлтына жасалған қиянатты көтере алмады. 1986 жылғы желтоқсанның 26-ы күні Өскемен қаласында жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, өзін-өзі мерт етті.

Сәбира - тәуелсіздік жолындағы алғашқы құрбандардың бірі. 2001 жылы Сәбира Мұхамеджановаға “Тарбағатай ауданынының Құрметті азаматы” атағы берілді.

C. Е. Мұхамеджанова туралы әдебиет

Литература об Мухамеджановой  С. Е.

Кітаптар - Книги

Қарасаев, Ғ.  Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және Шығыс Қазақстан [Мәтін] : қозғалыстың 20 жылдығына / Қарасаев Ғ. - Өскемен : б. ж., 2006. - 126 б.

Мақалалар - Статьи

Алпысбаев, А. Ол он алты жаста еді [Мәтін] / А. Алпысбаев // Қазақ әдебиеті. - 1992. - №10.- Б. 6

Жанахметов, А. Сәбира сынды қаhарман қыздың есімі елеусіз қала бермек пе ? [Мәтін] / А. Жанахметов  // Дидар. - 1998. -  25 тамыз.- Б. 6.

Әрінова, Н. Өзі де қайсар қыз еді [Мәтін] : Желтоқсан құрбаны С. Мұхамеджанова жайында /Н. Әрінова  // Тарбағатай нұры. - 1998. - 18 желтоқсан.- Б.5

Алдабергенов, Д. Аязда қалған гүл еді ол [Мәтін] / Д. Алдабергенов // Дидар. - 2003. -  13 желтоқсан.- Б. 2

Боқаев, Қ. Желтоқсанның қос жұлдызы [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақ әдебиеті. - 2003. -   7 наурыз.- Б.7

Алтай, А. Ол он алты жаста еді [Мәтін] / А. Алтай  // Семей таңы. - 2005. -  16 желтоқсан.- Б.6

Мусин, М. Қылмыстық іс  N 8652042 [Мәтін] / М. Мусин  // Дидар. - 2006. -  31 қазан.- Б.2

Қарасаев, Ғ. Қаһарман қыз - Сәбира [Мәтін] /Ғ. Қарасаев // Қазақ әдебиеті. - 2006. -  10 қараша.- Б.1,14-15.

Батыр қыз Сәбираға ескерткіш-тақта орнатылды. [Мәтін] : [Желтоқсан құрбаны С. Мұхаметжановаға арнап ескерткіш -тақта орнатылды.] // Дидар. - 2011. - 1 маусым.- Б. 3.

Салқынбаев, Т. Сәбираның есімін неге елеусіз қалдырдық? [Мәтін] / Т. Салқынбаев // Дидар. - 2018. - 15 желтоқсан.- Б. 9.

Кәкімұлы, Қ. Тәуке батыр мен Сәбираға ескерткіш қойылды [Мәтін] / Қ. Кәкімұлы // Дидар. - 2019. - 29 тамыз.- Б.24.

Сатиева, Г. Тамшы болып тарихқа айналды [Мәтін] / Г. Сатиева // Дидар. - 2019. - 14 желтоқсан.- Б.6.

Рамазанов, М. Желтоқсаншылардың ерлігін дәріптеу бәсеңсіп қалған жоқ па? [Мәтін] / М. Рамазанов // Дидар. - 2019. - 14 желтоқсан.- Б. 6.

Алтай, А. Ол он алты жаста еді [Мәтін] : [Желтоқсан құрбаны С. Мұхаметжанова туралы] / А. Алтай // Дидар. - 2019. - 19 желтоқсан. - Б. 20-21.

Аллаберген, Д. Батыр қызды ұлықтау -парыз [Мәтін] / Д. Аллаберген // Дидар. - 2020. - 11 қаңтар.- Б. 6.

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы (1970-1986) - желтоқсан құрбаны