Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Борков П.Н.

Borkov Ptr Nkl pkosБорков Петр Николаевич (1919-1981) - «Даңқ» Орденінің толық Иегері.

Петр Борков 1919 жылы 1 мамырда  Семей облысы Бородулиха ауданының Бородулиха селосында туған. 1940 жылдан Қызыл Армия қатарында. 1942 жылдың қаңтарынан майданда. 597-ші атқыштар полкінің 120-мм минометі расчетінің (207-ші атқыштар дивизиясы, 3-ші екпінді армия, 2-ші Прибалтика майданы) командирі болды.

Аға сержант Борков 1944 жылдың 13 шілдесінде Великая өзенінен өтерде (Псков облысы, Опочка қаласынан 20 шакырым шығыста) минометімен атқыштарды корғап тұрды, жаудың үш атыс нүктесін жойып, он солдатын жер жастандырды.

1944 жылы 18 тамызда  ІІІ-ші дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.

1944 жылдың 29-31 қазан аралығында П. Борков Авикне селосына (Латвия, Добельский ауданы) шабуылдау кезінде минометімен ондаған жаяу әскерді жойды. Жараланса да, үрыс даласын тастамады.

1945    жылы 15 қаңтарда ІІ-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Сол полктің миномет расчетінің командирі (Белоруссия майданы) П. Борков 1945 жылдың 22-30 сәуірінде Берлин үшін айқаста жаудың бес атыс нүктесін жойып, взводка жуық гитлершілерді жер жастандырды.

1945    жылы 15 мамырда  1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1946 жылы туған селосына оралды. 1981 жылы 25 маусымда  кайтыс болды. Бородулиханың бір көшесі Батыр есімімен аталады.

Әдебиеттер:

  • Белан П. С., Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. – А., 1974. 
  • Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000.
  • Пятков В. К., Белов К. С., Фролов С. С. Третья ударная. - М., 1976.
  • Рұхы күштілер=Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015.

Интернет-ресурстар: