Борков Петр Николаевич (1919-1981) - «Даңқ» Орденінің толық Иегері.
Петр Борков 1919 жылы 1 мамырда Семей облысы Бородулиха ауданының Бородулиха селосында туған. 1940 жылдан Қызыл Армия қатарында. 1942 жылдың қаңтарынан майданда. 597-ші атқыштар полкінің 120-мм минометі расчетінің (207-ші атқыштар дивизиясы, 3-ші екпінді армия, 2-ші Прибалтика майданы) командирі болды.
Аға сержант Борков 1944 жылдың 13 шілдесінде Великая өзенінен өтерде (Псков облысы, Опочка қаласынан 20 шакырым шығыста) минометімен атқыштарды корғап тұрды, жаудың үш атыс нүктесін жойып, он солдатын жер жастандырды.
1944 жылы 18 тамызда ІІІ-ші дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.
1944 жылдың 29-31 қазан аралығында П. Борков Авикне селосына (Латвия, Добельский ауданы) шабуылдау кезінде минометімен ондаған жаяу әскерді жойды. Жараланса да, үрыс даласын тастамады.
1945 жылы 15 қаңтарда ІІ-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
Сол полктің миномет расчетінің командирі (Белоруссия майданы) П. Борков 1945 жылдың 22-30 сәуірінде Берлин үшін айқаста жаудың бес атыс нүктесін жойып, взводка жуық гитлершілерді жер жастандырды.
1945 жылы 15 мамырда 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
1946 жылы туған селосына оралды. 1981 жылы 25 маусымда кайтыс болды. Бородулиханың бір көшесі Батыр есімімен аталады.
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар: