Известные имена

Исин Б. К.

Исин Болат Кәрімұлы – суретші, кескіндемеші.Исин Болат Кәрімұлы (1952 ж.) – суретші, кескіндемеші.

Болат Кәрімұлы Исин 1952 жылы 10 қазанда Семей облысының Мақаншы ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Батыс Украинада В. Касиян атындағы Косовский халықтық-сурет өнері техникумын тәмамдайды. Ағашты көркем өңдеу мамандығы дипломын алып шығады. Көптеген жылдар бойы декоративті-қолданбалы өнер саласында еңбек етіп, көркем туындылардың авторы ретінде танылды.

1989 жылы Солнечногорскі қаласы «Синеж» КСРО Суретшілер кеңесінің Шығармашылық үйінде өткен жас монументалистер симпозиумына қатысқан.

1992 жылы Франциядағы Қазақстан күндері Болат Кәрімұлы мен Күләш Ақашқызының туындылары париждіктерді тамсандырды.

Болат Исиннің жетекшілігімен Ұлы Абайдың Мұражай-үйі безендірілді.

2002 жылы суретшінің жеке көрмесі ұйымдастырылды.

Алматы қаласында өткен «Жігер» жастар фестивалінің лауреаты (Алматы,1988), «Тау Түрген» Шығармашылық үйінде өткен суретшілердің халықаралық симпозиумының лауреаты (1993, 1995), «Мастер-класс Казахстан 2000» Халықаралық фестивалінің лауреаты (Алматы, 2000), облыс Әкімі сыйлығының лауреаты атанады.

Исиндер отбасы ұзақ жылдар бойы «Терме» өндірістік кооперативінде еңбек етіп, ұлттық киімдер тігу және дизайнымен айналысты.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Воронова, В. Пять дней по "Шелковому пути" [Текст] : своеобразное путешествие во времени совершили наши художники Аштема Н., Исин Б., Макаров Г., став участниками первого международного фестиваля искусств "Мастер класс Казахстан" / В. Воронова // Рудный Алтай. - 2000. - 11 нояб. - С. 5.

Жапишева, Л. Многоцветная палитра Булата Исина [Текст] / Л. Жапишева // Рудный Алтай. - 2007. - 22 ноября. - С. 2.

Кумаргазы, Г. В новый век - с новыми силами и надеждами [Текст] : из истории развития изобразительного и декоративно-прикладного искусства города и области / Г. Кумаргазы // Деловой Усть-Каменогорск. - 2002. - № 9. - С. 24-25.

Кумаргазы, Г. Многоцветие Болата Исина [Текст] / Г. Кумаргазы // Деловой Усть-Каменогорск. - 2002. - № 11. - С. 24-25.

Орлова, Т. Шелковый путь Булата Исина [Текст] : [о жизни и творческом пути художника Булата Исина] / Т. Орлова // Рудный Алтай. - 2001. - 6 февр. - С. 4.

Сидорова, Н. Шедевры, пронизанные музыкой [Текст] : [персональная выставка художника-земляка Болата Исина] / Н. Сидорова // Рудный Алтай. - 2002. - 12 ноября. - С. 4.

Шварева, Е. Сколько полотен - хороших и разных! [Текст] / Е. Шварева // Мир искусства.- 2005. - 27 ноябр. - С. 4.