Известные имена

Есімдер

Купить новостройку с отделкой. Где купить однокомнатную квартиру в новостройке? Купить новостройку недорого. Оценка стоимости недвижимости. Какая рыночная оценка недвижимости? Принципы оценки недвижимости. Теплый пол своими руками. Как сделать теплый пол в доме. Монтаж водяного теплого пола. Не включается ноутбук. Скажите почему не включается ноутбук. Ноутбук включается и сразу выключается. Быстрый кредит наличными. Где быстро взять кредит без справок. Оформить быстрый кредит. Топ wow сервера. Где скачать последний клиент wow? Самый лучший сервера world of warcraft. Ленточная пилорама цена. Ленточная пилорама своими руками чертежи. Скачать чертежи ленточной пилорамы. Аренда квартир без посредников. Длительная аренда квартир без посредников и прочих. Аренда однокомнатной квартиры.

Ришат және Мүсілім Абдуллиндер

Ришат (1916-1988) пен Мүсілім (1916-1996)  Абдуллиндер - әнші.

Ағайынды әншілер Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер 1916 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. Екеуінде де табиғи әдемі дауыс болды.  Егіз болғандықтан ба екен екеуінің өмір жолы өте ұқсас. Екеуінің де музыкалық дарындылығы ерте байқалды. Мүсілім 1932 жылы 15 жасында Алматыда жаңадан ашылған музыкалы- драмалық техгикумға, бір жылдан кейін Ришат сол техникумға оқуға түседі.  Ерекше дарынды ағайынды екі жігіт Мәскеу консерваториясы жанындағы музыкалық студияға,  профессор А.И. Вишневскийдің класына  оқуға жіберіледі. (Мүсілім 1935 жылы, Ришат 1936 жылы). Мәскеудігі оқуды бітірген соң әртістік өмірлері басталып, Абай атындағы мемлекеттік Академиялық опера және балет театрына (Мүсілім 1938 жылы, Ришат 1939 жылы) әнші болып орналасады.

Ағайынды Абдуллиндер орыс, батыс европа классиктерінің совет композиторларының операларында жетекші партияларды орындады. Мүсілімнің даусы – тенор болғандықтан, тенорлық партияларды –Ленский («Евгений Онегин»), ал Ришаттың даусы баритон болғандықтан Евгений Онегин, Демон  (аттас опера), Жермон («Травиата»), Эскамильо («Кармен»), Киазо («Даиси»)  т.б. рольдерді сомдады. Ағайынды Абдуллиндер – қазақстан композиторлары опералық  спектаклдерінің тұрақты әншілері болды. Олар орындаған Мүсілім-Төлеген («Қыз Жібек»), Қайрақбай («Жалбыр»), Балпан («Ер Тарғын»), Әзім («Абай»), Ришат орындаған Абай, Ер Тарғын, Қожағұл («Біржан-Сара»), Гүлмат («Назугум») образдары халық жүрегінде мәңгі қалып қойды. Ришат Абдуллин - Қазақ музыка мәдениеті тарихында Абай партиясының тұңғыш орындаушысы. 1948 жылы Мәскеу қаласында өткен Қазақ өнері мен мәдениетінің  онкүндігі кезінде  осы операмен ағайынды Абдуллиндер мәскеуліктер алдында қазақ өнерін көрсетті.

Үкімет ағайында Абдуллиндердің шығармашалығын жоғары бағалады. Мүсілім – Қазақ ССР-нің Халық әртісі (1947), Ришат – КСРО  Халық әртісі (1967), Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Республикамыздың камералық вокальді музыкасының жарқын беттері ағайынды Абдуллиндермен тығыз байланысты.  Абдуллиндер есімі аталғанда ең алдымен олардың орындауындағы қос дауысты әндер еске түседі. Ол - шындық. Әншілер шығармашылығынаң осы кезеңі бірегей. Ришат пен Мүсілім тек орындаушы ғана емес, тұтас бір ән әлемін насихаттаушы, тіптен құрастырушы десек те артық емес. Қос дауыста ән айту идеясынан бастап, шығарманы халыққа жеткізудегі ізденістері мен белсенділіктері композиторлармен бірлесе отырып жүзеге асты. Тіптен ағайынды әншілерді қосалқы авторлар десек те артық болмас. Вокальді дуэтке ән жазу композиторлардан асқан жауапкершілікті талап етті. Өйткені орындаушылар-ағайынды Абдуллиндер еді. Сондықтан оларға арнап ән жазу екінің бірінің қолынан келмеді. Евгений Брусиловский, Бақытжан Байқадамов, Сыдық Мұхамеджанов сияқты қазақ музыкасының майталмандары ғана олармен терезесі тең сөйлесе алатын. Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер жеке камералық концерттермен жиі шыға бермейтін. Олардың әр концерті республика мәдени өмірінің маңызды оқиғасы еді.  Олардың концерттеріне кіру де қиын еді. Үнемі зал лық толы, билет жоқ болатын. Ағайындылардың репертуарында көбінесе қазақ, татар халық әндері шырқалатын. Татар композиторы Рүстем Яхиннің әндері мен романстары – әншілер шығармашылығының жарқын беттері. Мүсілім Абдуллин тыңдармандар есінде Н.Римского-Корсакова, М.Глинки, П.Чайковский сияқты  орыс композиторларының романстарын орындаушы ретінде қалды.

Ришат Абдуллин – Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, (1978), Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендерімен марапатталған. 

Ришат Абдуллин 1988 жылы 12 қарашада, Мүсілім Абдуллин 1996 жылы 7 желтоқсанда қайтыс болған.

Абдуллиндер отбасының  әншілік дәстүрі жалғасуда. Мүсілімұлы Заур опера және балет театрында әнші, немересі Карина Абдуллина «Мюзикола» дуэтінде әнші, Ришат пен Мүсілімнің үлкен апайлары Камиланың ұлы - әнші Әлібек Дінішев.  КСРО Халық әртісі.

Ағайынды Абдуллиндер туралы:

  • Қуандықов Қ. Қазақ театртану ғылымының дамуы [Мәтін]. Т. 23 / Қ. Мұхамеджанов, Б. Құндақбайұлы. - Алматы : Әдебиет әлемі, 2013. - 418 б.
  • Кенжетаев К. Асылдар мен ардақтылар [Мәтін] / Кенжетаев К. - Алматы : Өнер, 2002. - 295 б.
  • Қазақ өнері [Мәтін] : Энциклопедия. - Алматы : Білік баспа үйі, 2002. – 800б.
  • Боранғалиұлы Т. Ғасырға сыр [Мәтін] : Мақалалар. Толғаулар. Зерттеулер / Боранғалиұлы Т. - Астана : Елорда, 2001. - 308 б.
  • Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы шығармалар [Мәтін]. Т.2. : Пьесалар. Портреттер. Өнер жайлы ойлар, 1998. - 319 б
  • Кенжетаев К. Дархан дарын [Мәтін] / К. Кенжетаев ; ред. К. Уалиев. - Алматы : Өнер, 1980. - 152 б.
  • Сағымбеков Р. Ақжар-Москва [Мәтін] / Сағымбеков Р., Малдыбаев О. - Алматы : Қазақстан, 1964. - 74 б.
  • Асабаев З. Қос дауылпаз, қос жұлдыз Ришат және Мүсілім [Мәтін] / З. Асабаев // Мәдениет. - 2012. - №10.- Б.32-36.
  • Асабаев З. Қос дауылпаз, қос жұлдыз немесе Ришат және Байғали [Текст] / Асабаев З. // Жалын . - 2010. - № 4. -  С. 54-60 б.
  • Мұқанов А. Ағайынды Абдуллиндер [Мәтін] : [Ришат,Мүсілім Абдуллиндер туралы] / Мұқанов А. // Қазақ әдебиеті. - 1996. - №19 наурыз.- Б.(N12).-12
  • Әлдиұлы , Мәкеш. Қош келдіңіздер сахна бұлбұлдары [Мәтін] : [Ағайынды әншілер Абдуллиндердің Күршімге келген ән сапары туралы.] /  М. Әлдиұлы  // Коммунистік еңбек. - 1966. - 27 август.- б.2.

 

Вокальное исполнение:
Абдуллин М.
Люблю тебя, мой край родной [Электронный ресурс] : музыкальное произведение, вокальное / Абдуллин М.
Диск 1 : Братья Абдуллины. Муслим Абдуллин / Р. Абдуллин. - [Б. м.] : Меломан Home Video, 2010. - эл. опт. диск (CD-ROM).
 

 Название

Автор 

1

 Люблю тебя, мой край родной

 Г. Подэльский, И. Назалевич 

   

2

 Аймен жер...

 автор неизвестен

 

3

 Тербелді тың дала

 С. Мұхамеджанов, Қ. Шағыңтаев

 

 Туған ел 

 О. Байдільдаев, М. Ниязбеков

 

 Әйтеуір сол қыз бір сұлу

 С. Мұхамеджанов, Қ. Шағыңтаев

 

 Нелюдимо наше море

 К. Вильбов, Н. Языков

 

 Еркем-ай

 народная песня

 

 Шопан әні

 Е. Брусиловский

 

 Шолпан 

 Е. Брусиловский

 

10 

 Песня целинников

 Е. Брусиловский

 

11

 Шапибаяу

 казахская народная песня 

   

12

 Үкілім-ай

 казахская народная песня 

 

13

 Зауреш

  казахская народная песня 

 

14 

 Дударай

  казахская народная песня 

 

15 

 Не ветер, вея с высоты

 Н. Римский-Корсаков, А.  Толстой

 

16 

 Я помню чудное мгновенье

 М. Глинка, А. Пушкин

 

17 

 Свадебная песня

 М. Глинка, Е. Ростопчина

 

18 

 На холмах Грузии

  Н. Римский-Корсаков, А. Пушкин

 

19 

 Растворил я окно

 П. Чайковский

 

20 

 В крови горить огонь желанья

  М. Глинка, А. Пушкин

 

21 

 Средь шумного бала

  П. Чайковский, А. Толстой

 

22 

 К Молли (Не требуй песен от певца)

  М. Глинка, Н. Кукольник

 

23 

 То было раннею весной

  П. Чайковский, А. Толстой