Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекұлы (1953 ж. т.) – қоғам қайраткері, мәдениет пен өнер саласының еңбек сіңірген қайраткері. Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.
1953 жылы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жалғызтал ауылында дүниеге келген.1978 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы В.М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
1971-1973 жылдары – Кеңес Армиясы қатарында борышын атқарған.
Еңбек жолын 1978 жылы «Қазақстан» кеңшарында инженер-механик болып бастаған (Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы).
1979 жылдан – «Қазақстан» совхозының МТШ меңгерушісі (Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы).
1982 жылдан – «Шілікті» совхозының бас инженері (Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылы).
1987 жылдан – «Қазақстан» кеңшарының директоры (ШҚО Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы).
1994 жылдан – ШҚО Тарбағатай ауданы әкімшілігінің басшысы.
1994 жылы ШҚО Тарбағатай ауданынан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.
1995 жылы – ШҚО Тарбағатай ауданының әкімі болып тағайындалды.
2002 жылы – ШҚО мәдениет басқармасының бастығы.
2007 жылы – ШҚО ішкі саясат департаментінің директоры болып тағайындалды.
2008 жылдың мамыр айынан – ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы. ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары.
2008 жылдың қараша айынан – Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарушы хатшылығының меңгерушісі, Өскемен қаласы.
2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Өскемен қаласы.
2010 жылдың ақпан айынан – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2011 жылдың қараша айынан – «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2015 жылдан – Облыс әкімінің кеңесшісі, Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік мұрағатының директоры.
2015-2017 жылдары – «Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының мемлекеттік мұрағаты» КММ директоры.
2017 жылдан – «Қазақстанның мәдениет, спорт, туризм және ақпарат индустриясы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрағасы.
«Құрмет» орденімен (2012 ж.) және мерейтойлық «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 10 жыл» (2005), «Астанаға 10 жыл» (2007), «Тәуелсіздікке 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған.
2008 жылы Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбековке «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Т. Т. Түсіпбековтың мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары
Публикации Тусупбекова Т. Т. в периодических изданиях
Түсіпбеков Түсіпхан Мұғалімдердің мерейін өсірді / Т. Түсіпбеков // Егемен Қазақстан. - 2018. - 24 қаңтар. - Б. 5
Түсіпбеков Түсіпхан. Кемел тұлға : елімен етене Елбасы. / Т. Түсіпбеков // Егемен Қазақстан . - 2015.- 4 маусым (№ 103). - Б. 3
***
Тусупбеков, Т. Тарбагатайский вариант: [приватизации сел.-хоз.предприятий] / Т. Тусупбеков // Рудный Алтай. - 1996. - 12 окт.
Тусупбеков, Т. Главное : дать людям идею рынка : [беседа с акимом Тарбагат. р-на] / Тусупбеков Т. // Рудный Алтай. - 1997. - 23 авг.
Тусупбеков, Т. Синдром коркута не грозит: [беседа с акимом Тарбагат. р-на] / Тусупбеков Т. // Рудный Алтай (Бизнес-клуб). - 1999. - 6 нояб. - С. 19.
Т. Т. Түсіпбеков туралы әдебиет
Литература о Тусупбекове Т. Т.
Кітаптар – Книги
Арман асу : деректі хикаят, естеліктер мен арнау-тілектер / құраст. М. Құмарбеков. - Астана : Фолиант, 2013. - 92 б.
Кунафиянов, Калым. Ұрпағыма ұлағат / К. Кунафиянов, 2022. - 176 б.
Мақалалар – Статьи
Байбатыров, Ғ. Нұр төгеді жүрегі. / Ғ. Байбатыров // Дидар. - 2003. - 1 ақпан. - Б. 2.
Елубай, Оңдасын. Бірінші орынбасарлыққа тағайындалды / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2011. - 1 желтоқсан. - Б. 6.
Ғали-Асқар, А. Тағдыры Тарбағатаймен тамырлас / А. Ғали-Асқар // Дидар. - 2023. - 2 наурыз. - Б. 7.
***
Здесь живут сказочные были : [ряд статей о Тарбагатайском районе, в том числе о Тусупбекове Т. Т.] // Рудный Алтай. - 2001. - 13 нояб. - С. 2.