Известные имена

Көксегенов А. К.

Көксегенов Ақаш Көксегенұлы – ақын,  ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.Көксегенов Ақаш Көксегенұлы - (1949) – ақын, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

Көксегенов Ақаш Көксегенұлы 1949 жылы Шығыс өңірінің Тарбағатай аймағында туған. 1977 жылы С. М. Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1967 жылы Семей облысы, Шұбартау аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып бастады. 1968 жылы Шұбартау ауданының «Шұбартау» кеңшарында есепші болып қызмет істеді. 1968-1970 жылдары әскер қатарында болды. 1970-1971 жылдары «Шұбартау» кеңшарының №2 фермасында аға шопан болып еңбек етті. 1971-1972 жылдары Шұбартау аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1972-1986 жылдары Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер, мәдениет және тұрмыс бөлімінің меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1986 жылдан 1997 жылға дейін Шұбартау аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметінде. 1997 жылдан бастап Аягөз аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, кейінгі жылдары аудандық мәдениет және спорт бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2005 жылдан Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері». «Бақанас біздің балалық», «Көңіл лебі», «Сарықамыс-саңлақтар ауылы», «Шұбартау шынарлары», «Ағайынға айтылған ақ тілектер» кітаптарының, очерк-жазбалар мен өлең жинақтарының авторы.

А. Көксегенұлының мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары

Көксегенов, А. Кенді Алтайды көргенде. Баршатасқа барғандағы ой [Мәтін] : [Өлең] / А.Көксегенов // Дидар. - 1999. - 20 қараша.

Көксегенов, А. Өміріміздің мәйегі болуға тиіс [Мәтін] : [Аягөз ауданында мәдениетті қолдау жылына байланысты жүргізілген іс-шаралар туралы] / А.Көксегенов // Дидар. - 2000. - 15 ақпан.

Көксегенов, А. Мәдениеті биік елдің жүзі жарқын [Мәтін] : [Аягөз аудандық мәдениет және спорт бөлімінің игілікті істері жайында] / А.Көксегенов // Дидар. - 2001. - 21 тамыз.- Б. 4.

Көксегенов, А. Дұдыға қағып, дұшпанға ойран салған [Мәтін] / А.Көксегенов // Семей таңы. - 2006. - 17 тамыз. - Б.13

Көксегенов, А. Абайдың әйгілі ақын шәкірті [Мәтін] : [Әріп Тәңірбергенұлы туралы] / А.Көксегенов // Дидар. - 2006. - 12 қыркүйек. - Б. 4.

Көксегенов, А. Абайдың әйгілі ақын шәкірті [Мәтін] : [Әріп Тәңірбергенұлы туралы] / А.Көксегенов // Ақ Ертіс. - 2006. - № 5. - Б. 30-36.

Көксегенов, А. Тымақсыз түскен шал [Мәтін] / А. Көксегенов // Аягөз жаңалықтары. - 2013. - 2 қараша. - Б. 4.

Көксегенов, А. Төлеуғали ақын туралы сөз [Мәтін] / А. Көксегенов // Семей таңы. - 2015. - 7 шілде.