Известные имена

Қайнарұлы М.

kainaruliМерей Қайнарұлы (1985 ж.) Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, суретші, фотограф.

1985 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.

2003 жылы Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің «Бейнелеу өнері және сызу» факультетіне оқуға түсіп, ойдағыдай тәмамдаған.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кентіндегі Оралхан Бөкей атындағы орта мектепте мұғалім болып бастайды. Кейін Глубокое аудандық «Ақ бұлақ» газетінде тілші болады.

2011 жылы Өскеменде ашылған облыстық «Менің өлкем» газетіне ауысады. Мұнда журналист, редактор болып қызмет етеді.

2014 жылы облыстық «Дидар» газетіне журналист болып орналасады. Бүгінгі күні осы газетте жауапты хатшының орынбасары болып еңбек етеді.

Қосымша фотоөнермен, карикатура салумен айналысады. Республикалық, облыстық фотобайқауларда, карикатурашылар байқауында жүлделі орындар алған.

Республикалық «Менің Отаным» атты фотобайқауда бас жүлде (2016), «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен облыстық фотобайқауда «Менің замандастарым» номинациясынан 1-орын (2017), «Егемен Қазақстан» газеті ұйымдастырған республикалық карикатурашылар байқауында 2-орын (2018), Республикалық БАҚ арасындағы байқауда «Үздік фоторепортаж» аталымы бойынша 1-орын (2019), Облыстық жастар шығармашылық байқауында «Көркем фотосурет» номинациясы бойынша 1-орын (2019) иеленген.

М. Қайнарұлының мерзімді басылымдардағы мақалалары

Статьи М. Кайнарулы в периодических изданиях

  

Қайнарұлы, Мерей. Шыңғыстай шамшырақтары: [Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай мектебі, оның негізін қалаушы Ә. Ережепұлы (суретімен) туралы.] / М. Қайнарұлы // Менің өлкем. - 2012. - 9 ақпан.- Б. 9.

ҚайнарұлыМерейПолигон перзенті / М. Қайнарұлы // Менің өлкем.- 2012. - 15 наурыз. - Б. 3.

ҚайнарұлыМерей. Оралхан тіпті де өлген жоқ: [Жазушы Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы Қатонқарағай өңірінде дүбірлеп өтті.] / М. Қайнарұлы // Менің өлкем. - 2013. - 19 қыркүйек. - б. 9.

ҚайнарұлыМерей. Кешенге келушілер қатары көбейіп келеді: [Тарбағатай өңірінде туризмді дамыту мәселесі сөз болды] / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2014. - 6 қараша. - б. 9. 

ҚайнарұлыМерей. Катонқарағайда қар барысы тұңғыш рет суретке ілінді / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2015.- 9 қаңтар. - Б. 9.

ҚайнарұлыМерей.  Дәулет олимпиада чемпионы болсам дейді / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2015. - 13 ақпан. - Б. 10.

ҚайнарұлыМерей. Ержүрек жерлестеріміз жайында сыр шертеді: [А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды] / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2015. - 18 наурыз. - Б. 6. 

ҚайнарұлыМерей. Сәлемдесу кеші өтті / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2015. - 24 сәуір. - Б. 6.

ҚайнарұлыМерей. Ағайындарының зиратын Польшадан тапқан / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2015. - 24 сәуір. - Б. 16. 

Қайнарұлы, Мерей. Алтайдағы «Арал» немесе шекарада қалған екі үй / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2017. - 14 қыркүйек. - Б. 16.