Известные имена

Дранишников В. И.

Дранишников Валерий Иванович

Дранишников Валерий Иванович (1948 ж.т.) – мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.

 

1948 жылы 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде оқыған (Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі), бірақ аяқтай алмаған. 2009 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі.

 

«Аңшы» (Өскемен қаласындағы Жағалау, 2009 ж.), «Жылқылар» (Ертіс жағалауы, 2010 ж.), «Қыз Жібек пен Төлеген» (Өскемен қаласындағы Ғашықтар аллеясы, 2011 ж.), «Хоккейші» (хоккейші Б. Александровқа арналған, Спорт сарайы, 2012 ж.), «Жауынгер» (ҰОС қатысушыларына арналған, 2013 ж.), «Құндыз» (Бобровка кенті, 2013 ж.) мүсін жұмыстарының авторы.

 

Өскеменде тұрады және жұмыс істейді.

Әдебиеттер

Литература

Титенев, В. З. Қазақстан халқының өнері [Мәтін] / В. З. Титенев. – Алматы, 2017. – Дранишников Валерий: Б. 88.

Дранишников Валерий Иванович [Электронный ресурс] // Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағы : сайты. – Пайдалану орны : http://artist-union.kz/katalog-xudozhnikov/dranishnikov-valerij/ (14.02.2018)