Ақашева Күләш (1953 ж.) – декоративті-қолданбалы өнер шебері, КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.
1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Жоғары Тайынты ауылында дүниеге келген. Алматы қаласында Н.В.Гоголь атындағы көркемөнер училищесін (қазір О.Таңсықбаев атындағы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) Қолданбалы өнер суретшісі мамандығы бойынша бітірді (1977). 1978 жылы Суретшілер Үйінде жұмыс істеді. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері: ши тоқу, тоқыма, киіз бұйымдар жасаумен айналысты.
1977 жылдан бастап облыстық, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысты.
1983 жылдан жастар бірлестігінің мүшесі, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі.
К.Ақашева «Терме» өндірістік комбинатының құрылтайшысы және директоры. Өндірістік ұйымының мақсаты – Қазақстанның қолданбалы өнерін сақтау, зерттеу және жандандыру.
«Ажар» Қазақстан әйелдерінің жетістіктеріне құрмет көрсету ұлттық сыйлығының иегері (2003). «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» (2011), ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған.
Өскемен қаласында тұрады.
Ақашева К. туралы әдебиет
Литература о Акашевой К.
Титенев, В. З. Қазақстан халқының өнері [Мәтін] / В. З. Титенев. – Алматы, 2017. – Ақашева Күләш: б. 24.
Мұқатай, Ж. Өмірін өнерімен өрнектеген. [Мәтін] : [Өскемен қаласындағы "Терме" өндірістік кәсіпорынының директоры К.Ақашева жайында] / Ж.Мұқатай // Дидар. - 1999. - 28 қазан.
Сәрсенбайқызы, Ғ. Күләш Ақашеваның бенефисі [Мәтін] / Ғ.Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2003. - 15 қараша. - Б. 6.
***
Акмурзинова, Г. К. Чий – краса казахских степей [Текст] / Г. К. Акмурзинова // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. – 2011. - № 9 ; Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник : сайт. – Режим доступа : http://www.vkoem.kz/index.php/2010-03-09-08-54-46/98-2010-05-05-03-22-46/951-akmurzinova-gk-chij-krasa-kazaxskix-stepej (02.03.18)
Кумаргазы, Г. Три легендарных страницы : из истории развития изобразительного и декоративно-прикладного искусства города и области [Электронный ресурс] / Г. Кумаргазы // Культура Восточного Казахстана : сайт. – Режим доступа : http://kulturavko.kz/page2.files/page14.html (01.03.2018)
Радуга ремёсел [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник : сайт. – Режим доступа : http://etnografiavko.kz/etno7_files/vustavki49.html (02.03.18)