Третьяков Владимир Ильич (1930-2005) – суретші, кескіндемеші, еңбек ардагері, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі.
1930 жылы Көкшетау облысы Зеренді ауданы Троицк селосында дүниеге келген.
Сегізжылдықты бітірген соң Семей геология барлау техникумына оқуға түсіп, 1949 жылы аяқтады. 1954 жылы Владивосток Әскери көркемөнер студиясын бітірді.
1976 жылы Крупская атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетінде сабақ берді (қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті).
1985 жылы Абай атындағы Қазақ ПИ көркемсурет-графика факультетін (қазір Абай атындағы Қазақ ПИ) бітірді.
1960 жылдан бастап қалалық, облыстық, республикалық көрмелерге тұрақты қатысып келеді.
В.И.Третьяковтың суреттері Семей қаласының музейлері, Қазақстан (Алматы) Суретшілер одағының панорамалық көрмелері, Қазақстан, Ресей, Германия жеке коллекцияларында сақтаулы.
«За доблестный труд» медалімен марапатталған. Жоғарғы оқу орындары оқытушылары арасындағы көрме-конкурстар жүлдесінің иегері (1986, Жамбыл (қазір Тараз).
2005 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Восточно-Казахстанский областной музей имени семьи Невзоровых [Текст]. – Семипалатинск : Тенгри, 2003. — С. 164.
Абдусалямова, С. Мелодии родного края [Текст] / С. Абдусалямова // Арна. — 2006. — 27 апреля. — С. 2.
Часнык, Л. Открытие Владимира Третьякова [Текст] / Л. Часнык // Спектр. — 2006. — 11 мая. — С. 7.
Иванченко, Я. Речной «Маринист» [Текст] / Я. Иванченко // Наше дело. — 2010. — 21 января. — С. 9.
Каталог коллекции изобразительного искусства Казахстана в собрании ВКО музея изобразительных искусств им. семьи Невзоровых [Текст]. – Семей, 2011.
Третьяков Владимир Ильич [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10874&lang=ru (19.06.2018)