Өтепбаев Нұрбұлан Нұғыманұлы (1951 ж.) – суретші, график, профессор, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері.
1951 жылы 10 қазанда Семей облысы Баженов селосында (қазір Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімшілік құрамына енген) дүниеге келген.
1973 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін (қазір М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі) «Сызу және сурет мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.
1973-1978 жж. Абай ауданы орта мектебінде мұғалім, 1978-1984 жж. – Семей зоотехника-мал дәрігерлігі институтының (қазір Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет) философия кафедрасында аға оқытушы, 1984-1992 жж. – Семей педагогикалық институтының (қазір Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет) аға оқытушы, 1992-2004 жж. – Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінде аға оқытушы болды. 2004 жылдан бастап қазіргі күнге дейін – Шәкәрім атындағы университеттің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының профессоры.
40 аса ғылыми еңбек, жеті оқулықтың авторы, бес авторлық куәліктің иегері.
1996 жылы «Өнер» қайырымдылық қорының стипендиаты болды.
1966 жылы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде жеке көрме, 1977 жылы – Алматыда «Ұлар» сурет галереясында жеке көрмесін ұйымдастырды.
Жыл сайын қалалық, облыстық көрмелерге қатысады.
1994 жылы суретшінің жұмыстары Ә.Қастеевтің 90-жылдығына арналған Республикалық көрмеге қойылды (Алматы қаласы, Көркемсурет Академиясының көрме залы).
1997 жылы ол М. Оспановтың «Сандықтас» және Б. Ерсаиновтың «Пережитое былое» кітаптарын безендірді.
Қазақстан бейбітшілікті қорғау комитетінің Құрмет грамотасы (1990), Қазақстан дизайнерлік өнерін дамытқаны үшін медалі (2007), «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі (2009), Көркемсурет номинациясы (2000, Семей қ.), облыс әкімінің дипломы (2002) және грамотасымен (2004) марапатталды.
Шебер суретшінің жұмыстары Семейдің Абай атындағы республикалық тарихи-мемориалды музейінде сақтаулы. 14 жұмысы (жанрлық композициялар, пейзаждар) Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде сақталған.
Нұрбұлан Өтепбаветың графикасы АҚШ, Жапония, Қытай, Латвия, Ресей, Қазақстанның жеке коллекцияларында сақтаулы.
Н. Н. Өтепбаевтың мақалалары
Статьи Утепбаева Н. Н.
Өтепбаев, Н. Н. Қазақстанның мемлекеттік туы мен елтаңбасын бейнелеу өнері сабақтарында оқыту [Мәтін] / Н. Н. Өтепбаев // Семей университетінің хабаршысы. - 1998. - № 2. - Б. 298-307.
Өтепбаев, Н. Абай жолындағы - "Абай жолы" [Мәтін] : [Семей қаласындағы "Абай жолы" стелласының мазмұны туралы] / Н. Өтепбаев // Ертіс өңірі. - 2011. - Б. 12.
Өтепбаев, Н. Н. Ақын Шәкәрімнің өнерге көзқарасы / Н. Н. Өтепбаев // Жаһандану сыны жағдайындағы Абай және Шәкәрім мұралары [Мәтін] = Наследие Абая и Шакарима в контексте вызовов глобализации : халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары : 21-22 мамыр 2008 жыл / Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тіл комитеті; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті. - Өскемен : ВКГТУ, 2008. - 355 б.
Н. Н. Өтепбаев туралы әдебиеттер
Литература об Утепбаеве Н. Н.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Өтепбаев Нұрбұлан Нұғыманұлы: б. 610.
Тоқпатаев, У. Қыр суреттері [Текст] : [облыстық кітапханада суретші-график Н. Өтепбаевтың көрмесі ашылды] / У. Тоқпатаев // Дидар. - 1997. - 8 қараша.
Сұлтанов, Ө. Үйлесім [Мәтін] / Ө. Сұлтанов // Егемен Қазақстан. - 2008. - 24 қыркүйек. - Б. 8.
Омарова, А. Әсемдік әлемінде [Мәтін] / А. Омарова // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - 2010. - № 8.- Б. 21.
Зекенұлы, Қ. Ойшыл суретші [Мәтін] : [суретші Н. Өтепбаевтың шығармашылығы хақында] / Қ. Зекенұлы // Ертіс өңір. - 2011. - 12 қазан. - Б. 8.
Нұғманов, Н. "Өнер адамды өзі таңдады" [Мәтін] / Н. Нұғманов // Семей таңы. - 2016. - 15 қараша. - Б. 6.
Мырзақанов, М. Бейнелеу өнерінің биігіндегі суретші : шебер суретші-Нұрбұлан Өтепбаев туралы / М. Мырзақанов. - Мәтін // Ертіс өңірі. - 2021. - 6 қазан. - Б. 7
***
Алипинова, М. Тысяча и один табун Нурбулана Утепбаева [Текст] : о творчестве семипалатинского художника / М. Алипинова // Рудный Алтай. - 1997. - 25 октября.
Кумаргазы, Г. Искусство, излучающее тепло [Текст] / Г. Кумаргазы // Рудный Алтай. - 1997. - 15 ноября.
Рублева, Н. Павлодарцы знакомятся с творчеством Утепбаева [Текст] / Н. Рублева // Голос народа. - 1998. - 25 ноября. - С. 5.
Кумаргазы, Г. В новый век - с новыми силами, надеждами [Текст] : из истории развития изобразительного и декоратино-прикладного искусства города и области / Г. Кумаргазы // Деловой Усть-Каменогорск. - 2002. - № 9. - С. 24-25.
Восточно-Казахстанский областной музей изобразительных искусств имени семьи Невзоровых. — Семипалатинск [Текст] : Тенгри, 2003. - С. 170-171.
Пархоменко, Е. Лошади глазами художника [Текст] / Е. Пархоменко // Арна. - 2004. - 28 мая. - С. 5.
Мастер класс Нурбулана Утепбаева, проведенный в рамках Первого молодежного фестиваля художественного творчества [Текст] // Вестник культуры. - 2004 - № 3. - С. 75.
Ким, Е. Какого цвета центр материка? [Текст] : [о вернисаже работ семейских художников] / Е. Ким // Рудный Алтай. - 2009. - 12 декабря. - С. 8.
Серегин, А. Родному краю с любовью [Текст] / А. Серегин // Арна. - 2011. - 20 октября. - С. 13.
Нуруллин, Э. Среди неброской красоты степей [Текст] / Э. Нуруллин // Вести Семей. - 2011. - 21 октября. - С. 3.
Иванченко, Я. Графическая музыка [Текст] / Я. Иванченко // Наше дело. - 2011. - 27 октября. - С. 7
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Утепбаев Нурбулан Нугманович [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10855&lang=ru (20.06.2018)