Христолюбов Валентин Александрович (1918-1979) – суретші, кескіндемеші, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1918 жылы Қиыр Шығыста көпбалалы отбасында дүниеге келген. 1932 жылы отбасы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласына көшіп келеді. 1940 жылы Омск көркемсурет училищесін (қазір Омск облыстық мәдениет және өнер колледжі) бітірді. Қызыл Армия қатарында әскери міндетін өтеп жүрген кезде Ұлы Отан соғысына аттанды. Ленинград блокадасына қатысқан. Бірнеше мәрте үкімет сыйлықтарымен марапатталған. Валентин Александрович 1945 жылдан бастап 32 жыл бойы Семейдің көркемсурет-өндірістік шеберханаларында жұмыс істеді.
Мереке күндері қала көшелерін безендіру, өндірістік және мемлекеттік мекемелердің интерьері дизайнымен айналысты.
1979 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Восточно-Казахстанский областной музей изобразительных искусств имени семьи Невзоровых в городе Семипалатинске [Текст].- Семипалатинск: Тенгри, 2003.- С. 159.
Ксенофонтова, И. Картины, которые будоражат сердце [Текст] / И. Ксенофонтова //Спектр. - 2004. - 25 марта. - С. 6.
Гуляева, Е. Война глазами художников [Текст] / Е. Гуляева // Наше дело. - 2014. - 8 мая. - С. 5.
Христолюбов Валентин Александрович [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10883&lang=ru (20.06.2018)