Шереметьев Григорий Тимофеевич (1922-1997) – суретші, кескіндемеші, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1922 жылы РФ Алтай өлкесі Сидоровка селосында дүниеге келген. 1946 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазір О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) бітірді.
Қазақстан Суретшілер Одағының Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы алғашқы өкілі болды.
Қаланың шығармашылық ұжымының қалыптасуына белсенді қатысты.
Республикалық және одақ деңгейіндегі көрмелерге қатысқан.
1989 жылы суретшінің жұмыстары Гурзуфтегі (Қырым Республикасы) Коровин атындағы шығармашылық үйде ұйымдастырылған Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер-суретшілер көрмесіне қойылды.
1974 және 1982 жылдары Алматы қаласында жеке көрмелері ұйымдастырылды. 2002 жылы – Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде суретшінің мерейтойына орай көрме өткізілді.
Суреттерінің негізгі тақырыбы – Ертіс өңірінің тыныс-тіршілігі.
Пейзаж, портрет, тақырыптық картиналар авторы.
1997 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Восточно-Казахстанский областной музей изобразительных искусств имени семьи Невзоровых [Текст]. - Семипалатинск : Тенгри, 2003. - С. 160.
Шереметьев Григорий Тимофеевич [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10887&lang=ru (21.06.2018)