Водолазов Петр Александрович (1938 г.) – суретші.
1938 жылы Минск қаласында (Белоруссия) дүниеге келген. Балалар үйінде тәрбиеленді. Венспилс (Литва) қаласындағы қолөнер училищесін слесарь-монтажник мамандығы бойынша аяқтайды. Совет Армиясы қатарына шақырылғанға дейін Рига, Ленинград және Калининград қалаларында домна пештерін салады. Евпаторияда әскерде жүрген кезде қарындашпен әскердегі қызметтестерінің суретін салатын.
1960 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласына комсомолдық жолдама бойынша тың және тыңайған жерлерден астық жинауға келеді.
Суретшінің алғашқы көрмесі 1964 жылы Семейдің өлкетану музейінде ұйымдастырылды. Ол кейінірек Алексей Шевченкомен танысып, оның изостудиясына кіреді.
Петр Александровичтің авторлық жұмыстары Семейде ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларында көрмелерден орын алды.
2004 жылы күзде Ф.М.Достоевский музейінде суретшінің «Знакомые места» атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге суретшінің 1970 -1990 жылдардағы еңбектері ұсынылды.
П. А. Водолазов туралы әдебиеттер
Литература о Водолазове П. А.
Гузеева, М. Разгоню тоску[Текст] : [о Водолазове П. А.] / М. Гузеева // Наше дело. — 2004. — 16 сентября. — С.4.