Акимов Анатолий Артемьевич (1940-2005) – суретші.
1940 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1952-1970 жж. Ф. Ф. Иванчуктің изостудиясында сурет салуды үйреніп, шебердің ең үздік шәкірті болады. Тау-кен – металлургия техникумын бітірген. Әскери міндетін өтгеннен кейін, 1962-1964 жж. Лениногор полиметалл комбинаты қорғасын зауытының (ЛПК, қазір Казцинк ЖШС құрамында) балқыту цехында жұмыс істеді.
1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагргикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітіріп, кейін Өскемен қаласында Облыстық көркемсурет қорының көркемсурет шеберханасында жұмыс істеді. 1983-1987 жж. Риддер Балалар көркемсурет мектебінде оқытушы, 1988-1998 жж. СПТУ-14 суретші-безендіруші, Лениногор полиметалл комбинатының (қазір Казцинк ЖШС құрамында) Мәдениет сарайындағы изостудияда оқытушы қызметтерін атқарды.
Өңірлік, облыстық, республикалық және бүкілодақтық көркемсурет көрмелерінде белсенді қатысушы болды.
1999 және 2003 жж. өз туындыларының жекекөрмелерін ұйымдастырды. Юрий Манаковтың «Сердцем причастен» өлеңдер жинағын безендірді.
Бірінші Халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты.
2005 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Немцев, М. Литературный Риддер [Текст] : биографический спарвочник / М. Немцев. – Усть-Каменогорск : Изд-во «Медиа-Альянс», 2012. – Акимов Анатолий Артемьевич: с. 191-192.