Асылханов Ермек Сабырович (1951 г.) – суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан дизайнерлер Одағының вице-президенті, Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, ҚР ВАК өнері академигі, РФ бейнелеу өнері профессоры, РФ педагогика ғыымдарының докторы, Ресей ұлттық дизайн академигінің академигі.
1951 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семеновка селосында дүниеге келген.
1977 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының (қазір М.Әуезов атындағы педколледж, Семей) көркем-графика факультетін бітірді.
Оқудан кейін 1979-1987 жж. Жезқазған педагогикалық институтында (қазір А.О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті) сурет және бейнелеу өнері кафедрасында оқытушы болды.
1986 жылы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының «Сәндік-қолданбалы» өнер» кафедрасы аспирантурасын бітіріп, сәндік-қолданбалы өнер теориясы, методикасы мен тарихы тақырыбында диссертация қорғады. 2000-2002 жж. – Мәскеу мемлекеттік университеті докторантурасында оқып, педагогикалық ғылымдар докторы атағына диссертация қорғады. 2006 жылы Лондон қаласында дизайн теориясы мен тарихы бойынша стажировкадан өтті.
1987-1997 жж. – доцент, профессор, бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының (қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті) оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.
1997-2005 жж. – профессор, дизайн негіздері кафедрасының меңгерушісі, Өскемен қаласындағы Шығыс гуманитарлық институтының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.
2004-2006 жж. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының бейнелеу өнері секциясының мүшесі.Осы бағдарлама аясында 3-альбом және бір ғылыми-өнертанулық еңбек шығаруға қатысты. Дизайн және бейнелеу өнері саласы бойынша «Дарын» сыйлығын тағайындау комиссиясының мүшесі.
2005-2011 жж. – Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық университеттің дизайн кафедрасының меңгерушісі.
2007 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс істеді. «Қазақстан халықтарын рухани дамыту қоры» директорлар кеңесінің мүшесі.
2012-2017 жж. – Қазақ Ұлттық өнер университетінің көркемөнер факультетінің деканы, сценография және декоративтік өнер кафедрасының профессоры.
Қазақстан Республикасының дизайн, бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы өнер бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің бірінші басшысы.
Қазіргі күні «Қазақстан халықтарын рухани дамыту қоры» директоры болып жұмыс істейді. Қазақ Ұлттық өнер университеті (Қаз ҰӨУ) көркемөнер факультетінің профессоры.
40-аса бейнелеу өнері және дизайнерлік өнер теориясы мен тарихы бойынша ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақала, 2 монография мен 2оқу-әдістемелік құрал авторы.
Шетелдерде ғылыми-шығармашылық іс-тәжірибелерге қатысты: : 2006 ж. Лондон (Англия), 2008 ж. Эйдховен (Голландия).
ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен (2007) марапатталды.
1990 ж. ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Астана қ. Суретшілер одағы басқармасының мүшесі, 1994 ж. өнер профессоры, Ресей дизайн академиясының академигі, 2011 ж.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Асылханов Ермек Сабырұлы: б. 188.
Асылханов Ермек Сабырович [Электронный ресурс] // Казахский научно-исследовательский институт культуры : сайт. – Режим доступа : http://new.cultural.kz/ru/institute/view?id=102 (14.02.2018)
Асылханов Ермек Сабырович [Электронный ресурс] // Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағы : сайты. – Пайдалану орны : http://artist-union.kz/katalog-xudozhnikov/asylxanov-ermek/ (14.02.2018)
Асылханов Ермек Сабырович [Электронный ресурс] // Известные ученые : энциклопедия : сайт. – Режим доступа : https://famous-scientists.ru/11870 (14.02.2018)
Асылханов Ермек Сабырович [Электронный ресурс] // unionartastana.kz : сайт. – Режим доступа : http://unionartastana.kz/асылханов-е-с/ (14.02.2018)