Бажакупов Талғат Төкенұлы (1960 ж.) – суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.
1960 жылы 1 маусымда Семей облысында (қазір Шығыс Қазақстан облысы) дүниеге келген.
1993 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы педагогикалық институтын «Сурет және бейнелеу өнері» мамандығы бойынша бітірді. 1984 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін (Алматыдағы Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер» колледжі) «Ағаш өңдеу» мамандығы бойынша бітірген.
ҚР Суретшілер Одағының мүшесі.
Астана қаласында тұрады және жұмыс істейді.
Әкімнің «Бейнелеу өнері» (2003) номинациясы бойынша сыйлығының иегері.
Бірнеше мәрте республикалық конкурстардың жүлдегері, республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты.
Деректер
Источники
Бажакупов Талгат Токенович [Электронный ресурс] // Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағы : сайты. – Пайдалану орны : http://artist-union.kz/katalog-xudozhnikov/bazhakupov-talgat/ (14.02.2018)