Бердюгин Анатолий Васильевич (1945 ж.) – суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.
1945 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Бейнелеу өнерінде өзіндік қайталанбас ерекше мәнері бар. Пейзаждары Таулы Алтайдың көрікті табиғатын сипаттайды. Белгілі орыс ақыны және зерттеуші Е.В.Курдаковтың өлеңдерін графика және иллюстрациямен жабдықтаған. Бірнеше картинасы қазақ ақыны Абай шығармашылығына арналған. Шығармашылық сапары барысында Қазақстан және Алтай өлкесін зерттеген.
Еліміздің мәдени мұрасын сақтауға қомақты үлесін қосты. Көне икондар, ескі үй шатырларында қалған және ескі қорғандардан табылған өнер бұйымдары, ата-бабадан қалған көне заттарды жинап Өскемен музейлеріне ұсынды.
Автор өңірлік көрмелерге белсенді қатысады, бірнеше рет жеке көрмесі ұйымдастырылған.
Өскемен қаласында тұрады.
Деректер
Источники
Бердюгин Анатолий Васильевич [Электронный ресурс] // Искусство Восточного Казахтана : сайт. – Режим доступа : http://hearth.kz/berdugin.php (14.02.2018)
Бердюгин Анатолий Васильевич [Электронный ресурс] // Государственный архив ВКО и его филиалы : сайт. – Режим доступа :http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1667 (14.02.2018)
Бердюгин Анатолий Васильевич [Электронный ресурс] // Артпо.ру : сайт. – Режим доступа : http://artpo.ru/gallery/paintings/3998_artist/info (14.02.2018)