Қанапиянов Жұмағали Қанапияұлы (1924 ж.) – кескіндемеші, график, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1924 жылы 7 қарашада Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Қызылжар мекенінде дүниеге келген. Әкесі қайтыс болғаннан кейін балалар үйінде өсті.
1943 жылы армияға шақырылып, екі айлық әзірліктен кейін майданға жіберіледі. Ж.Қанапиянов 283- атқыштар дивизиясы құрамында соғысқа қатысты. Бұл дивизия Берлиннің оңтүстік-шығыс аумағын жаудан азат етуге қатысқаны үшін Жоғарғы Бас Қолбасшының алғысына ие болды.
«За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары және КСРО-ның естелік, мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
1947 жылы Алматыға келіп театр-көркемсурет училищесінде (қазір О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) оқып, 1953 жылы бітірді.
1979 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі.
Суретші Қанапиянов Жұмағали – республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысқан.
Негізгі жанры – сатиралық суреттер мен картиналар, пейзаж.
1977 жылы «Сатира в борьбе за мир» атты халықаралық көрмеде Ж. Қанапиянов қола медальмен марапатталды.
Деректер
Источники
Канапьянов Жумагали Канапьянович [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10809&lang=ru (20.02.2018)
Художники Казахстана-участники Великой Отечественной войны: Альбом / автор вступительной статьи и составитель Н.Б. Нурмухаммедов. -Алма-Ата: Өнер,1985. — С.76.