Коробков Александр Иванович (1944 ж.) – суретші, акварельші, сәндік-қолданбалы өнер шебері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
1944 ж. 9 маусымда Алтай өлкесі Рубцовск қаласында дүниеге келген. 1968 жылы П. П. Беньков атындағы Ташкент көркемсурет училищесінің бейнелеу өнері бөлімін бітірген.
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тұрып, жұмыс істейді.
Көптеген республикалық, облыстық және қалалық көрмелерге қатысқан.
1976 жылы Қазақстан Суретшілер Одағына қабылданды.
2010 жылы «Любовь и радость бытия» атты жеке көрмесі ұйымдастырылды. Экспозиция пейзаж, натюрморт, портрет, ағаштан ою-өрнек нақыштаудағы сәндік-қолданбалы өнер тәрізді 70-тен аса шығармадан тұрады.
А. И. Коробков жұмыстары Қазақстан және шетелдерде, сондай-ақ, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы (Алматы), Шығыс Қазақстан өнер мұражайы және Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық және табиғи-ландшафт қорық-мұражай қорында сақтаулы.
Деректер
Источники
Кирилюк, И. Искусство без доказательств [Электронный ресурс] / И. Кирилюк // восточно-казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник : сайт. – Режим доступа : http://etnografiavko.kz/etno9_files/vistavki16.html (21.02.2018)
Лазарева, В. Реализация души художника Александра Коробкова [Электронный ресурс] / В. Лазарева // Библиотека им. О. Бокея : сайт. – Режим доступа : http://kitaphana.kz/ru/kraevedenie/iskustvo/iso-iskusstvo/4291-korobkov.html (21.02.2018)