Коробейников Александр Петрович (1940 ж.) – суретші, ҚР Жазушылар одағының мүшесі.
1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы Предгорненское ауданы (қазір Глубокое) Глубокое селосында дүниеге келген. 1956 жылы Алтай өлкесінің Рубцовск қаласында трактор зауытында жұмыс істеді. Төрт жыл Қиыр Шығыста теңіз флотында әскери қызметте болып, ауыр атлетикамен шұғылданды. Әскерден кейін елге келіп, Қайыңды және Герасимовка ауылдары мектептерінде денешынықтыру мен суреттен сабақ берді. Өскемен қаласының Геология басқармасында спорт нұсқаушысы болып жұмыс істеді. А.С.Пушкин атындағы кітапхана, физиополиклиниканы көркемдеу жұмыстарымен айналысты. Осы кезеңде Мәскеудегі Н.Крупская атындағы өнер университетін суретші-көркемдеуші мамандығы бойынша сырттай бітірді. Ауыр атлетикадан спорт шебері, қала мен облыстың бірнеше мәрте чемпионы.
Облыстық тұтынушылар одағында суретші-көркемдеуші болды. Кейін 17 жыл Казцветметремонтта жұмыс істеді. 1990 жылы Шығыс Қазақстан өнер музейінің «Көркемсурет Салонында» суретші болды.
«Горное озеро», «В горах Алтая», «Окрестности Черемшанки», «Протока Иртыша», «Заросший пруд» картиналарының авторы.
Оның картиналары Ресей, Германия, Жапония, Польша, Италия, АҚШ, Финляндия, Жаңа Зеландия, Бельгия елдерінің жеке коллекцияларынан орын алған.
2011 жылы суретшінің «Чистые краски Алтая» атты жеке көрмесі ұйымдастырылды.
Деректер
Источники
Александр Коробейников [Электронный ресурс] // Культура Восточного Казахатана : сайт. – Режим доступа : http://www.kulturavko.kz/page2.files/page41_1.html (21.02.2018)
Шматова, Я. Чистые краски Алтая [Электронный ресурс] / Я. Шматова // Библиотека им. Оралхана Бокея : сайт. – Режим доступа : http://kitaphana.kz/ru/kraevedenie/iskustvo/iso-iskusstvo/4290-korobeinikov.html (21.02.2018)