Известные имена

Бобров А. А.

Бобров Анатолий Андреевич – суретші, график, Өзбекстан журналистер одағының мүшесі, Өзбекстан көркемөнер академиясының мүшесі, Өзбекстан мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер.Бобров Анатолий Андреевич (1948 ж.) – суретші, график, Өзбекстан журналистер одағының мүшесі, Өзбекстан көркемөнер академиясының мүшесі, Өзбекстан мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер.

1948 жылы Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында дүниеге келген. Бейнелеу өнерін Франц Феликсович Иванчуктен үйренді. 1966 жылы Өскемен Педагогикалық институтының (қазір С.Аманжолов атындағы ШҚМУ) музыка бөліміне оқуға түседі. Дегенмен, музыка училищесінің бірінші курсынан кейін, А.Н.Островский атындағы Ташкент мемлекетік көркемөнер институтына конкурс бойынша бірден екінші курсына оқуға түседі.

1973-1983 жылдары Өзбекстанда тұрған кезінде редактор қызметін атқарады. 1983-2008 жж. Гафур Гулям атындағы Ташкент кітап баспасының полиграфия бөліміне басшылық жасайды.

Оның графикалық еңбектері, иллюстрациялары республикалық және Мәскеуде өткен кітап графикасы көрмелері, сондай-ақ, Италия (1978), Австрия және Моңғолия (1982), Испания, Франция (1983), ФРГ (1984) ұйымдастырылған халықаралық көрмелерге қатысты.

Өзбек ССР Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1982), Мәскеуде (1976, 1977, 1979, 1981, 1983, 1986, 1987, 2008) өткен «Искусство книги» конкурсының І, ІІ, ІІІ дәрежелі липломдарының иегері. 1977 жылдан Өзбекстан журналистер одағының мүшесі, 1978 жылдан Өзбекстан көркемөнер академиясының мүшесі. Өзбекстан мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер.

Өзбек ақыны Хамзаның жыр жинақтары, Қарақалпақ эпосы «Шахрияр», Үнді эпосы «Рамаяна», Х. Алимджан «Семур!», А. Мухтар «След руки», А. С. Пушкин «Сказка о рыбаке и рыбке», Ч. Айтматов «И дольше века длится день», А. Навои «Хамса», «Узбекские народные сказки» т.б. кітаптарға жасаған иллюстрациялары қоғамның жағымды бағасына ие болды.  

 

 

 

 

А. А. Бобровтың еңбектері кітаптарда

Работы Боброва А. А. в книгах

 

 

Книговедение [Текст] : (энциклопедический словарь). – Москва, 1982.

Энциклопедия Уз.ССР [Текст]. – Ташкент, 1981 г.

Монография 1992 год автор О.Лебединская.

Зепанщина, Н. Художник и книга [Текст] : альбом/ Н. Зепанщина. – Б.и., 1987.

Ахмедова, Э. Современные художники Узбекистана [Текст] : альбом / Э. Ахмедова. – Б. и., 2005.

Кузиев, Т. Художники о своём творчестве [Текст] : альбом / Т. Кузиев. – Б. и., 2008 г.

Искусство наций [Текст] : альбом. Т. 2. – Москва, 2012.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Немцев, М. Литературный Риддер [Текст] : биографический спарвочник / М. Немцев. – Усть-Каменогорск : Изд-во «Медиа-Альянс», 2012. – Бобров Анатолий Андреевич: с. 193.

Бобров Анатолий и его своеобразный мир иллюстраций [Электронный ресурс] // art-blog.uz : сайт. Режим доступа : http://art-blog.uz/archives/12249 (15.02.2018)