Иванчук Франц Феликсович (1892-1975) – суретші, сәулетші.
1892 жылы (11 ақпан) Ресей Империясы (қазір Ресей Федерациясы) Мәскеу қаласында дүниеге келген. 3-кластық қалалық реальное училищені бітірген соң, 1904 жылы И. Д. Сытин типографиясының сурет және литография мектебіне оқуға түседі. КСРО халық суретшісі Н. А. Касаткинаның жетекшілігімен сурет салу теориясын меңгерді. Оқудан кейін тушьпен сызылған суретті литографқа түсіруші және суретші-безендіруші болып жұмыс істеді.
1912 жылы типографияның түптеу бөлімінің аэротипті цехының басшысы болды.
1915 жылы 56-пехотаның қосымша батальонының бірінші ротасында қатардағы жауынгер болып қызмет етті (Кремль жанындағы күзет мұнарасы).
1918 жылға дейін Моссоветтің баспа комиссиясында, Сешня мен Сокольникиде қиын балаларды тәрбиелейтін балалар үйлерінде жұмыс істеді. 1919 жылы қазанда Ф. Ф. Иванчук РКП(б) (партияның (большевиктер) революциялық комитеті қатарына кірді және 1920 жылы Польша Ревкомы қарамағына жіберіліп, сонда 1921 жылға дейін жұмыс істеді. 1921 жылы Жоғарғы көркем-шеберханаға, кейін, Жоғарғы көркем-техникалық шеберханаға оқуға жіберілді. Ол өзін Валентин Серовтың шәкірті және ізбасары ретінде санайтын. Ақындар В. Маяковский және С. Есенинмен таныс болды, КСРО халық суретшілері В. М. Куприянов, П. Н. Крылов және Н. А. Соколов (Кукрыниксы) .
1928-1932 жж. Жоғарғы көркем-техникалық институтта оқыды, кейін, оқу орны Жоғарғы архитектура-құрылыс институты болып қайта құрылды. Институттан кейін инженер-архитектор, Мәскеу Өнеркәсіптік аудандар құрылысы бөлімінің басшысы, бітірген институттың аспиранты болды.
Ф. Ф. Иванчук қуғын-сүргінге ұшырап, екі рет партия қатарынан шығарылды. Дегенмен, архитектура саласындағы беделі арқасында Франц Феликсович лагерьден босап, партия қатарына қайта қабылданды. Ол 1939 жылы Мәскеуден біржола кетіп, саяси тұтқын ретінде Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск қаласына (қазір Риддер қаласы) жер аударылды.
Лениногорскіде (қазір Риддер) тұрған алғашқы айларда Ф. Ф. Иванчук бейнелеу өнері студиясын ұйымдастырды, оның қала өміріндегі ағартушылық, мәдени мәні жоғары болды. Студия бүгінгі күні де Франц Феликсовичтің қызы Марина Петрачкованың еңбегі және таланты арқылы шәкірттер тәрбиелеуде.
«Алтайполиметалл» комбинатының жоба бөлімінің бас сәулетшісі болып жұмыс істеді.
Ұлы Отан соғысы жылдары жаңа өнеркәсіп алаңдары, цехтар жобалаумен айналысып, қоныс аударушыларға арналған тұрғын-үй құрылысына басшылық етті.
1956 жылдан бастап – комбинаттың бас сәулетшісі. Мәдениет сарайы, орталық қалалық кітапхана, қала сыртындағы үй, қалалық кітапхана, Крольчатниктегі балабақша, пионер лагері, Лениногорск полиметалл комбинатының демалыс аймағы, шипажайды көркем безендірумен айналысты. 1950 жылы Тәуелсіздік даңғылы бойын желекжолмен көріктендіру идеясын ұсынды.
Портрет, табиғат көріністерін бейнелеп, өнер тарихы бойынша лекциялар жасады.
1961 жылы қаңтарда Ф. Ф. Иванчук зейнетке шыққанымен, изостудияны басқару жұмысын жалғастыра берді. 1966-1967 жж. Франц Феликсович отбасымен бірге Өскемен қаласына көшіп келіп, Құрылыс-жол институтында (қазір Д.Серікбав атындағы ШҚМТУ) архитектура-көркемсурет өнерінен дәріс оқыды.
«За доблестный труд в годы великой отечественной Войны (1941-1945гг.)» медалімен марапатталды.
1975 жылы 5 ақпанда қайтыс болды.
Деректер
Источники
Иванчук Франц Феликсович [Электрондық ресурс] // Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві және оның филиалдары : сайты. – Пайдалану орны : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/Page/Index/1750/ridder (24.02.2018)
Кратенко, А. Взял на карандаш [Электронный ресурс] / А. Кратенко // Экспресс К : сайт. – Режим доступа : https://express-k.kz/news/kultura/vzyal_na_karandash-93491 (24.02.2018)
Немцев, М. Литературный Риддер [Текст] : биографический справочник / М. Немцев. - Усть-Каменогорск : Изд-во «Медиа-Альянс», 2012. – Иванчук Франц Феликсович : с. 196-197.
Путинцева, Е. 125-летие со дня рождения Франца Феликсовича Иванчука. Архитектура – это искусство, в котором мы живем [Электронный ресурс] / Е. Путинцева // Риддерский городской портал : сайт. – Режим доступа : http://infor.kz/stati/ih-imena-vpisalis-v-istoriyu-riddera-leninogorska/arhitektura-yeto-iskusstvo-v-kotorom-my-zhivem.html (24.02.2018)
«Риддер қ. ИЗО студиясы – 80!» кездесу [Электрондық ресурс] // Риддер тарихи-өлктану музейі : сайты. – Пайдалану орны : http://riddermuseum.kz/kz/newss/327-ridder-izo-studiyasy-80-kezdesu.html (24.02.2018)
Резонтова, М. М. Истинный художник, любящий больше всего искусство, никогда не удовлетворен собою и старается идти все дальше [Электронный ресурс] / М. М. Резонтова // Восточно-казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник : сайт. – Режим доступа : http://etnografiavko.kz/etno9_files/kulturanar5.html# (24.02.2018)