Мақсұтов Мұрат (1946 ж.) – театр суретшісі.
1946 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Есенгелді ауылында дүниеге келген. 1972 жылы О.Таңсықбаев атындағы Алматы Сәндік-Қолданбалы Өнер колледжін бітіреді. 1972-1990 жж. С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ музыкалық-драма тетарында жұмыс істеді.
К. Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» (1972), М. Әуезов «Еңлік-Кебек» (1973) және «Дос – Бедел дос» (1981), Д. Исабеков «Әпке» (1980), С. Мұқанов «Шоқан Уәлиханов» (1982), С. Жүнісов «Өліара» (1982), Г. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (1984), М. Кәрім «Ай тұтылған түні» (1975), А. Островский «Найзағай» (1975), Н. В. Гоголь «Женитьба» (1976), У. Шекспир «Макбет» (1979), «Асауға тұсау» (1984), «Отыз ұлың болғанша ...» («Арбаң аман болсын», 1984) т.б. спектакльдер декорациясының авторы.
1990-1991 жж. республикалық арнайы көркемсурет шеберханасының «Қазақ музейі реставрациясында» суретші-әрлеуші болып жұмыс істеді. 1991-1993 жж. – Ж. Аймауытов атындағы Павлодар қазақ музыкалық-драма театрында бас суретші, 1993-1999 жж. – Астана қ. Қ. Қуанышбаев атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында суретші-режиссер болды. 1999 жылы – Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында бас суретші жұмысын атқарды.
Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986), республикалық театр конкурсының лауреаты (1995, 1998, 2001, 2004). «Астана» (1998), «Ерен еңбегі үшін» (2005) медальдарымен марапатталды.
Деректер
Источники
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. — Астана : Фолиант, 2011. — Б. 242.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Мақсұт Мұрат: б. 509.
Мақсұтұлы Мақсұт Мұрат [Электрондық ресурс] // Уикипедия – ашық энциклопедия : сайт. – Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/Мақсұтұлы_Мақсұт_Мұрат (01.06.2018)