Рычков Георгий Григорьевич (1921-2004) - кескіндемеші, график, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1921 жылдың 24 мамырында Семей губерниясы, Бұқтырма уезіне қарасты Зырян қаласында дүниеге келген (қазір Зырян ауданы Шығыс Қазақстан облысы).
1939 жылы Зырян қаласында толық емес орта мектепті аяқтайды. Сол жылы Омбыдағы көркемөнер училищесінің сурет салу және сызу бөліміне оқуға түседі. Онда екі жыл оқып, 1941 жылдың маусымында соғысқа аттанады. Соғысты бастан-аяқ капитан шенінде өткереді, атқыштар взводының командирі болады. 1945 жылдың тамыз - қыркүйек айларында Жапониядағы әскери қимылдарға қатысады.
Соғыстан оралған соң Зыряндағы №28 мектепте сурет шебері болып жұмыс істеді. 1950 жылы А. П. Боголюбов атындағы Саратов көркемөнер училищесін бітіреді. Өскеменнің өнеркәсіп кәсіпорындарында суретші болып жұмыс істейді. 1962 жылдан Қазақ ССР көркемөнер қорының көркемөнер-өндірістік шеберханасында жұмыс істейді.
Негізгі жанрлары – портрет, натюрморт, пейзаж.
Ол Өскемен қаласының Суретшілер үйіндегі қалалық және облыстық ұжымдық көрмелерге қатысқан.
Шығыс Қазақстан өнер мұражайының қорында автордың 63 көркем полотносы және 8 графикалық жұмысы сақтаулы.
2004 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Школа жизни Ефима Годовского [Текст] : изобразительное и декаративно-прикладное искусство Восточного Казахстана / Центр национального искусства «Улпа». – Усть-Каменогорск : Шыгыс полиграф.
Рычков Георгий Григорьевич [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский музей искусств : сайт. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/kz/?option=com_tz_portfolio&view=article&layout=edit&id=196 (15.06.2018)