Нұразхан Еркін Ибрагимұлы(1953) - суретші, өнертанушы.
Еркін Нұразхан 1953 жылы 17 қаңтарда Тарбағатай ауданы, Тарбағатай ауданы, Жаңғызтал ауылында туған. Әкесі - Нұразханов Ибрагим Сталин атындағы ұжымшардың, Комсомолдық ауыл кеңесінің төрағасы болған. Анасы - Бақатқызы Бежхан үй шаруасында.
Еркін Ибрагимұлы 1978 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, 1986 жылы Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының көркемсурет факультетін бітірген сахнаның суретші-технологы.
«Кімге күлеміз?» сатиралық суреттердің, «Қабанбай батыр», «Қасым Қайсенов», «Оралхан Бөкеев» кескіндемелік портреттердің және т.б. жұмыстардың авторы. Өскемен (2004, 2010), Семей (2005) қалаларында, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (2005) жеке көрмелерін өткізген; Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері мен оқытушылары республикалық көрмесінің (2008), «Арт-үдеріс» (2009), «Көктемгі экзерсистер» (2009) республикалық көрмелерінінің қатысушысы; «Ұлт және руханият» (2003) мақалалар жинағының авторы. Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында, Шығыс Қазақстан этнографиялық мұражайында (Өскемен қаласы), Невзоровтар әулеті атындағы Шығыс Қазақстан бейнелеу өнері мұражайында (Семей қаласы), Тарбағатай аудандық тарихи мұражайында (Ақсуат ауылы), О. Бөкеевтің әдеби-мемориалдық мұражайында (Шыңғыстай ауылы) сақталуда.
1983 жылдан - «Балдырған» журналының көркем редакторы.
1991-1992 жылдары - «АлмаСТ» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорынының бас суретшісі. 1993 жылдан - «Түркістан» газет-апталығының суретшісі, тілшісі, бөлім меңгерушісі. 2002-2005 жылдары - «Өнер» баспасының бас редакторы. 2006 жылдан - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының бөлім меңгерушісі, 2008 жылдың қазан айынан бері - директорының орынбасары. 1985 жылдан ҚР Журналистер одағының, 2002 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі.2004 ж -ҚР "Мәдениет қайраткері". 2012 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
2023 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
Еркін Нұразханның кітаптары
Книги Е. Нуразхан
Әбдірашев, Ж. Әзілің жарасса ... [Мәтін] : эпиграммалар / Ж. Әбдірашев, Е. Нұразханов, 1989. - 144 б.
Құралұлы, А. Ұлттық дүниетаным [Мәтін] : 1- сыныпқа арналған оқу құралы / А. Құралұлы, 2002. - 78 б.
Нұразхан Е. Ұлт пен рух [Мәтін] : мақалалар, ойлар, сұхбаттар / Нұразхан Е., 2003. - 183 б.
Нұразхан Н. Кімге күлеміз? [Мәтін] : [сатиралық сурет-альбом: карикатура ; шарж ] / Н. Нұразхан., 2005. - 144 б.
Нұразхан, Е. Өз елім менің - өзегім менің [Мәтін] / Е. Нұразхан, 2013. - 288 б.
Нұразхан, Е. Шарж шеруі [Мәтін] / Е. Нұразхан, 2013. - 272 б.
Нұразхан, Е. Ерліктің ерен тұлғасы [Мәтін] / Е. Нұразхан, 2013. - 192 б.
Нұразхан, Е. Кенепке түскен шындық пен шынайылық : суретші Әбілхан Қастеев шығармашылығы туралы / Е. Нұразхан. - Мәтін (визуалды) // Қазақ әдебиеті. - 2024. - 5 шілде (N26). - Б. 12.
Еркін Нұразхан туралы кітаптар
Книги о Еркін Нуразхан
Сыдықов М. Қ. Тоғыз таңбалы найман Қаракерей шежіресі [Мәтін] : Байжігіт-Жұмық-Саты тармағы. 4-ші том, 2012. - 588 б.
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. /Бас ред. Б.Ө.Жақып.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014. – 848 б.: Б.573.
Еркін Нұразхан туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар
Статьи опубликованные на страницах периодической печати о Еркин Нуразхан
Әлімбай М. Карикатура королі [Мәтін] / М. Әлімбай // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 17-23 қаңтар.- Б.16
Сарсенбайқызы Ғ. "Кімге күлеміз." [Мәтін] /Ғ. Сарсенбайқызы. // Дидар. - 2004. - 30 қараша.- Б.4.
Қайсенов Қ. "Алдыңда ағаларың азаймасын" [Мәтін] / Қ. Қайсенов // Жалын . - 2008. - № 7. - Б. 30-35.
Қайсенов Қ. Айтылмаған әңгімелер [Мәтін] / Қайсенов Қ. // Жалын . - 2008. - № 7. - С. 22-35 б.
Тоқанұлы , Б. Қытық қаламды суретшінің "қыңыр" туындылары [Мәтін] : [суретші Е. Нұразханов туралы] / Б. Тоқанұлы // Дидар. - 2010. - 16 наурыз.- Б.3.
Нұразхан , Е. "Бұл - достық әзіл емес, қастық әзіл ғой" деп ренжіген ағаларым да болды [Мәтін] : [карикатурашы Е. Нұразхан туралы] / Е. Нұразхан // Дидар. - 2013. - 11 қаңтар.- Б.8.
Кәкенұлы Ж. Шарж шеруі [Текст] / Ж. Кәкенұлы. // Егемен Қазақстан. - 2013. - 17 қаңтар (№ 23/28). - 6
Әлімқожина А. Қаламына әзіл қонған суретші [Мәтін] /А. Әлімқожина // Түркістан . - 2016.- 24 қараша (№ 47). - 11
Өміртай, А. Еркін Нұразхан. Шарайна [Мәтін] / А. Өміртай. – , 2019
// Egemen Qazaqstan (Егемен Қазақстан). – 2019.- 24 шілде (№ 140).- 10 б.
Екпін, М. Бала күнгі арманы орындалмаған суретші [Мәтін] : [cуретші Е. Нұразханның шығармашылығы туралы] / М. Екпін // Дидар. - 2020. - 4 маусым.- Б.11.
Балаубаева, Бағдагул. Өзіне-өзі күле білген халық -ұлы халық : [Танымал карикатурашы-суретші Нұразхан Еркін туралы] / Б. Балаубаева ; сұхб. Н. Абайұлы . - Мәтін // Ана тілі. - 2023. - 19-25 қаңтар. - Б. 11