Известные имена

Манап М. С.

manap small

Манап Мұхтархан Сәдуақасұлы (1943) - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері, әнші.

15 наурызда Шығыс қазақстан облысы, Күршім ауданы, Сарыөлең ауылында дүниеге келген. Мұхтархан Сәдуақасұлы ҚР Театр Қайраткерлері одағының мүшесі, Арқалық қаласының Құрметті азаматы. 1972 жылы М. Щепкин атындағы Мәскеу Жоғары театр училищесін бітірген. 1958 жылдан совхозда жұмысшы, жүргізуші болады. Өзінің еңбек жолын 1972-1988 жылдары Торғай облыстық музыкалық драма театрында бастаған. 1988-1990 жылдары Жезқазған музыкалық – драма театрында, ал 1990 жылдан Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрында қызмет еткен, 2005 – 2014 жж. - театр директоры.

М.С. Манап үш театр сахнасында 100 рөл ойнаған (Қобыланды – «Қобыланды», комиссар Позднешев – «Между ливнями», Мұрат – «Қызым саған айтам», Назар Дума – «Свадьба в Малиновке және т. б.).

«Абылай ханның ақырғы күндері» спектаклінде Абылай ханның рөлін ойнаған. Бірегей диалог пен лексикамен ерекшеленетін бұл спектакльде М. Манап көрермендерге өткен ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмір шындығын жеткізді. Спектакль ең табысты қойылымдардың бірі болып табылады. 1991 жылы режиссер С.Таукеловтың «Батыр Баян» фильмінде Қабанбай батыр рөлін сомдайды.

Стамбул театрының (Түркия) сахнасында, Мәскеу, Омбы, Ленинград, Тбилиси, Бішкек қалаларында және Қазақстанның барлық облыстарында өнер көрсеткен.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет дипломымен марапатталған (1975). М. Манаповтың есімі Қазақ КСР Құрмет Кітабына енгізілген (1976).

 М. С. Манап туралы әдебиет

Литература о М. С. Манап

 

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Манап Муктархан Садуакасович: б. 3514.