Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Базарбаев Т.

Базарбаев Темиржан

Базарбаев Теміржан (1935 ж.)

Қазақ музыка өнерінің тұлғалы тұғырының бірі - Теміржан Базарбаев. Әріде атамекені Батыстан келіп, Талдықорғанның Үшарал балалар үйінде өскен бала жастайынан музыкаға бейім болып өсті.

1961 жылы Алматы консерваториясын бітірген. 1961 жылдан бастап М.Төлебаев атындағы Семей музыкалық училищесі теория бөлімшесінің меңгерушісі әрі оқытушысы болып қызмет атқарды.
1979-1982 жылдары Қазақстан Композиторлар одағының Ертіс өңірі бөлімшесін басқарды.
Композитор шығармашылығынан туған Отан, туған өлкенің әсемдігі мен халқының тарихы тәрізді азаматтық тақырыптар басты орын алған. Атап айтқанда, "Қаздар қайтқанда", "Студенттік кештер", "Ауылым" әндерімен қатар, "Отан таңы", "Семей жастары", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Белгісіз солдат анасы", "Курган бессмертия", "Шалқыма", "Әнсіз қазақ болмаған", "Қазақстан", "Мен коммуниспін" т.б ондаған дүниелері қазақ музыкасының асыл қорлары.
Өнер қайраткерінің ұлттық қазына қорындағы орнын айқындайтын симфония, фантазия, поэма, романс опералық жанрларында тудырған шығармалардың болғандығы ғана
емес. Сонымен қатар жалпы шығармашылығындағы халықтық, ұлттық нақыш, нәр мен құнарынан үндестік табуында болса керек.
Теміржан Базарбаев - арнайы білімді, теориялық сауатты, әлемдік музыкадан мол хабары бар өнер иесі.
Баспадан жарық көрген "Қаздар қайтқанда", "Ақбаян" жинағына отызға жуық әндері мен романстары енгізілген. Т.Базарбаевтың Т.Молдағалиев, Н. Шәкенов, Ж.Молдағалиев өлеңдеріне шығарған "Жаңа жерлер", "Қазақстан" т.б шығармалары - қазақ ән дәстүрінің тағы бір жаңарған құбылысының жемісі.
Сазгердің домбыра мен өзге аспаптардың қосылуымен шығарған терме-толғаулары қазіргі музыкаға қосып отырған жанр жаңғыртудағы тың үлесі. Семей өңірі, Семей қаласы - Теміржан Базарбаевтың өнер бесігі, ән ұясы. Отыз жылдан астам уақыт өмірі осында өтіп келеді. Сазгер әлі де шығармашылық ізденіс үстінде талмай еңбек етуде.

Базарбаев Теміржан туралы:

Ибрагимов Т. Шығармалары [Мәтін]. Т. 1 : Толқын толғау / ред. Г. Оспанова. - Астана : Фолиант, 2011. - 400 б. (Введено оглавление)
Қазақстан композиторлары [Мәтін] : анықтамалық / ред. А. Қоныс. - Алматы : Sansam, 2011. - 216 б.
Қазақ әндерінің антологиясы [Мәтін] : екі томдық. Т. II : Қазақстан композиторларының әндері / құраст. Ә. Нұрбаев, 1990. - 336 б.

Семей сазгерлері [Мәтін] : Био-библиографиялық естелік. - Семей : [б. ж.], 2006. - 18 б.

Мерзімді басылым беттерінде:

Әбдікәкімов Т. Қара дала [Мәтін] / Т. Әбдікәкімов // Семей таңы. - 2011. - 11 қазан.- Б.4.
Райыс К. Теміржанның тереңіне бойлай алдық па? [Мәтін] : [Белгілі сазгер Т. Базарбаевтың шығармашылығы туралы] / К. Райыс // Ертіс өңірі. - 2011. - 5 қазан.- Б.7.
Сейсенұлы, Дәулет. "Ауылын" ардақтап, "тамашасымен" тамсандырған [Мәтін] : [композитор Теміржан Базарбаевтың шығармашылығы] / Д. Сейсенұлы // Семей таңы. - 2010. - 25 наурыз.- Б.2.
Нұрбаев, Санат. Семей Теміржанымен бақытты [Мәтін] : [композитор Теміржан Базарбаевтың өмірі мен шығармашылығы] / С. Нұрбаев // Семей таңы. - 2010. - 25 наурыз.- Б.2.
Махамбетова, Анар. Қазақтың біртуар ұлдарының бірі Теміржан Базарбаевқа - 75 жыл [Мәтін] / А. Махамбетова // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2010. - N 1.- Б.14.
Төлеуханұлы, Қуанышбек. "Ауылым" әнінің тарихы [Мәтін] / Қ. Төлеуханұлы // Ертіс өңірі. - 2009.- Б.13.
Қамбаров Ж. Жүректерге жол тапқан әндер шырқалды [Мәтін] / Ж. Қамбаров // Семей таңы. - 2009. - 4 маусым.- Б.4.
Ибрагимов Т. Қаза мұңының жүзі қоңыр қошқыл екен [Мәтін] : Өмір - өзен / Ибрагимов Т. // Семей таңы. - 2006. - 6 сәуір.- Б.5

Жақып Е. Әндер жинағы шықты [Мәтін] / Жақып Е. // Семей таңы. - 2005. - 21 қазан.- Б.13

Кәрібжанов О Педагог. Композитор [Мәтін] / Кәрібжанов О // Дидар. - 2005. - 19 наурыз.- Б.6
Кәріпжанов О. Музыка мәдениетінің майталманы [Мәтін] / Кәріпжанов О. // Ертіс өңірі. - 2005. - 10 наурыз.- Б.5
Қамбаров Ж. Күйсандықтың күмбірі [Мәтін] / Қамбаров Ж. // Семей таңы. - 2005. - 15 сәуір.- Б.4
Сапышев А. Астанада - "Ауылым" [Мәтін] / Сапышев А. // Ертіс өңірі. - 2004. - 15 қаңтар.- Б.7