Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Рахимов Т.

Рахимов Т.Тұрсынғазы Рахимов (1951-2016) - әнші, композитор, актер

Тұрсынғазы Рахимов 100-ге жуық әннің авторы. Әндерінің көбі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөздерінде жазылған. Бірқатар өлеңдері әнге қосылды, соның ішінде «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн, санаулы ай, санаулы жыл». Сазгердің «Батыр баба – Қабанбай», «Ән атасы - Әміре», Әсетке арналған «Сағынбасқа не шара», Жәнібек Кәрменовке арналған «Ақ бөкен» атты әндері әншінің шын жүрегінен туған. Сондай-ақ Қадыр-Мырза-Әли, Фариза Оңғарсынова секілді көптеген ақындардың өлеңдеріне ән жазып, оны нақышына келтіріп орындап жүрген танымал әншілердің бірі.

1993 жылы Алматыда сазгердің шығармашылық кеші өтті.1994 жылы «Сәби болғым келеді»атты әндер жинағы шықты. Жинаққа Т. Ибрагимов «Әнге ғашық жүрек» деген алғысөз жазған. Осы жылы Қытай еліне арнайы шақырумен барып, Үрімжіде өнер көрсетіп қайтты.
Тұрсынғазы Рахимов домбырамен ән салу мектебіне жетекшілік етті. "Өнер өлкесінде" атты сазды-қонақжай клубының төрағасы.


Т. Рахимов туралы әдебиет

Рахимов Т. " Менің пірім Мұқағали" [Мәтін] / Рахимов Т. // Егемен Қазақстан. - 2000. - 20 желтоқсан.- Б.4.

Ұшып кеттің қайтадан сәби болып.... : әнші Тұрсынғазы Рахимов туралы шәкірттері шерткен сыр. - Мәтін // Ертіс өңірі. - 2021. - 13 қазан. - Б. 7.