Тұрсынғазы Рахимов (1951–2016) – әнші, композитор, актер
1951 жылы 15 қазанда Семей облысы (қазіргі Абай облысы) Аягөз ауданының Малтыкөл ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Республикалық эстрада және өнер студиясында Жүсіпбек Елебековтің класында білім алған. Ол Павлодар облысындағы Иса Байзақов атындағы филармонияның негізін қалаушылардың бірі болды.
1977 жылы Семей облыстық филармониясында, 1981 жылы Семей облысындағы Абай атындағы драма театрында қызмет атқарды. 1992 жылы Семей өңірлік музыка қоғамының төрағасы болды. Сонымен қатар Семей қаласындағы музыкалық колледждің «Халық әні» бөлімінде ұстаздық етіп, қалалық Мәдениет үйінің солисі болып жұмыс істеді.
Тұрсынғазы Рахимов — 50-ден астам әннің авторы. Оның көптеген әндері белгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған. Солардың қатарында «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн, санаулы ай, санаулы жыл» сияқты туындылар бар. Сондай-ақ оның Қадыр Мырза Әлі мен Фариза Оңғарсынованың, жергілікті ақындар Т. Әбдіқакимовтың, А. Сапышевтің, А. Ыбыраевтың өлеңдеріне жазылған әндері де халық арасында кеңінен танымал болды.
1994 жылы Тұрсынғазы Рахимовтың «Сәби болғым келеді» атты әндер жинағы жарық көрді. Ол Қазақстанның ұлттық мәдениетін дамытуға зор үлес қосты.
Т. Рахимов — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 1977 жылғы Күләш Байсейітова атындағы республикалық әншілер байқауының лауреаты, 1987 жылғы «Көңіл ашар» республикалық байқауының жеңімпазы, сол жылы өткен «Сал-серілер» республикалық байқауының Гран-при иегері және 1991 жылы Павлодар қаласында өткен Естай атындағы театр байқауының жеңімпазы.
1988 жылы Ғабит Мүсіреповтің «Қайран, Майра» музыкалық спектаклінде Есет рөлін жоғары деңгейде сомдағаны үшін Мемлекеттік сыйлықпен марапатталды.
2001 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғысхатымен, ал 2002 жылы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Тұрсынғазы Рахимов 2016 жылғы 26 ақпанда Алматы қаласында дүниеден өтті.
Т. Рахимов туралы әдебиет
Литература о Т. Рахимове
Ұшып кеттің қайтадан сәби болып.... : әнші Тұрсынғазы Рахимов туралы шәкірттері шерткен сыр. - Мәтін // Ертіс өңірі. - 2021. - 13 қазан. - Б. 7.
Омарұлы , Б. Тұрсын Жұртбайдың тоғыз қыры : жазушы - ғалымның өміріндегі ел-жұртқа беймәлімдеу деректер хақында / Б. Омарұлы . - Мәтін // Қазақ әдебиеті. - 2021. - 22 қазан. - Б. 8.
***
Омарова А. Турсынгазы Рахимов - музыкальная легенда Семея / А. Омарова // Спектр. - 2008. - 16 янв. - С. 9.
Шайхынова А. Ключ к сердцам людей : [О творческом вечере певца, композитора, актера Турсынгазы Рахимова] / А. Шайхынова // Вести Семей. - 2012. - 13 нояб. - С. 5 : фото.
Ром Л. Турсынгазы Рахимов: «Песня - судьба моя» / Л. Ром // Спектр. - 2015. - 14 октября. - С. 8.
Рысакова Ш. Музыка в его душе : [О первом республиканском фестивале песни «Қазағым-ай» в честь певца и композитора Турсынгазы Рахимова] / Ш. Рысакова. - Текст // Вести Семей. - 2016. - 23 февраля. - С. 1 : фото.
Левина Ф. В память о выдающемся земляке : [В Семее предложили установить памятник заслуженному деятелю культуры Казахстана, певцу и композитору Турсынгазы Рахимову] / Ф. Левина // Рудный Алтай. - 2020. - 24 октября. - С. 2.
Гордость нашего края : [Сотрудниками КГУ «Централизованная библиотечная система г. Семей» при поддержке ГУ «Отдел культуры и развития языков» в рамках краеведческого проекта «Я со своим любимым городом!» на YouTube-канале ЦБС представлена публикация видеокруиза «Гордость нашего края», посвященная 70-летию со дня рождения Турсынгазы Рахимова] // Вести Семей. - 2021. - 2 марта. - С. 7.
Исаева А. Домбры прекрасные напевы... : [В честь Национального дня домбры в Усть-Каменогорске прошел республиканский фестиваль, посвященный заслуженному деятелю культуры Турсынгазы Рихимову] / А. Исаева // Рудный Алтай. - 2021. - 8 июля. - С. 16.