Известные имена

Алибасов Б.

Ал

Алибасов Бари Каримович

Алибасов Бари (1947) – музыкант, композитор, продюсер

1947 жылы 6 маусымда Семей (бүгінгі Шығыс Қазақстан) облысы Шар қаласында көп балалы отбасында туған. Әкесі Кәрім Қасымұлы Бариев - қазақ, арғын руынан Шар қаласындағы ауылшаруашылық банкін басқарған. Анасы Ираида Ибрагимовна Абрарова – татар, балабақшада есепші болған.  

Бари Кәрімұлы – Шар қаласындағы № 232 мектепте оқыған. Еркіндікті ұнататын Бари мектеп тәртібін бұзғаны үшін комсомол қатарынан, мектептен шығарылған. Бала кезінен шығармашылықпен айналысқан. Мектепте ән айтып, барабанда ойнаған, конферансье болған. Өз драма үйірмесін ұйымдастырып А. Чеховтың «сельский эскулап» шығармасы бойынша қойылым көрсеткен. 1960 жылдардың басында сыныптастарымен музыкалық ансамбль құрап, жақын маңдағы селоларға концерт қойған.

1965 жылы орта мектепті бітірісімен Өскемен құрылыс-жол институтының (Д. Серікбаев атын. Шығыс Қазақстан техикалық университеті) архитектура-құрылыс факультетіне оқуға түседі. 1966 жылы курстасы М. Араповпен бірге джаз стиліндегі «Интеграл» музыкалық тобын құрып, өзін композитор ретінде көрсете бастайды. Алғашқы шығарған әні - твист «Весенний дождь»

1969-1971 жылдары Орта Азия әскери округінде әскери борышын өтеу кезінде, Орта Азия әскери округінің ән-би ансамбліне ауыстырылып, көп ұзамай сол штабта «Задор» ансамблін ұйымдастырады. 1971 жылы әскер қатарынан оралысымен «Интегралдың» жұмысын жандандыра бастайды. 1973 жылдан ансамбль Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының қарамағына өтіп, музыканттар вокальді инструмент әртістері деген құжатқа ие болды. 1973-1974 жылдары Өскемен музыкалық училищесінде оқуға түсіп, «Интеграл» тобымен гастрольге шығып, оқуын аяқтамай кетеді.

Көп ұзамай топ Алматыда өткен «Халықтар достығы» фестивалінің лауреаты атанады. 1980 жылы Тбилисиде өткен 1 Бүкілодақтық рок-фестивальдің лауреаты, 1985 жылы Мәскеу қаласында өткен жастар мен студенттердің 12-халықаралық фестивалінде қатысады. Б. Алибасовтың жетекшілігімен «Интеграл» тобы 22 жыл өмір сүре отырып, көптеген музыкалық стилдерді (рок-н- роллдан психоделикке, фьюжиден кантриге) тәжірибеден өткізді.

1989 жылы «Интеграл» тарап,Б. Алибасов «На-на» тобына кастинг жариялады. Күн бүгінге дейін осы топтың жетекшісі, продюсері. 90 жылдары Алибасов басқарған топтың атағы жер жарып, халыққа танымал болды. «На-на» тобы қайырымдылық концерттерін қойып, қайырымдылық акцияларына қатысады. 2001-2005 жылдар аралығында Мәскеу телеарнасында атақты адамдарға күлдірге сұрақтар қоятын «Бредни Бари» атты әзіл-оспақ ток-шоуын жүргізді. 2004 жылы «DJ Big Bang» и «Pin C@de топтарына продюсер болды. 2013 жылы Александр Фадеевпен бірге «Кім миллонер болғысы келеді?» бағдарламасына қатысып, 3 млн рубь ұтып алады. Алибасов пен Фадеев дуэті Ресей шоумендері арасында жеңіске жеткен тұңғыш жұп болатын. Б. Алибасов суретке түсіруді ұнатады. Халықаралық ««Мода и стиль в фотографии» фестивалі аясында Бари Кәрімұлы суреттерінің жеке көрмесі өтті. Б.Алибасов- Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі (1999), «Астанаға 10 жыл» мерекелік (2008), Шешен Республикасы ішкі істер министрлігінің «За отличие в службе» (2013), Татарстан Республикасының Мемлекеттік «За доблестный труд»(2017) медалдарымен марапатталған.

Шар қаласының Мир көшесіне Б. Алибасовтың есімі берілген (2012). Қаладағы өзі оқыған № 232 мектепте Б. Алибасовтың музейі жұмыс істейді.

 

Б. Алибасовтың кітаптары

Книги Б. Алибасова

Алибасов, Б. Основы НА-НАйской философии. - Центрполиграф, 1999. - 430 с. 

Бари Алибасов: "Родина рок-н-ролла для меня - Усть-Каменогорск" [Текст] // 7 дней. - 2016. - 25 февраля. - С. 7

 

Б. Алибасов туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар

Статьи о Б. Алибасове опубликованные на страницах периодической печати

 

Алибасов, Б. "Интегралдан" "На-Наға" дейін [Мәтін] : [жерлесіміз "На-На" тобының жетекшісімен...сұхбат /сұхб.Ғ.Сәрсенбайқызы] / Б. Алибасов // Дидар. - 1997. - 14 қазан.- Б.

Алибасов, Б. Жаңа жылды Шарда қарсы алса ғой деп армандаймын [Мәтін] : [әншімен сұхбат.../с ұхб. Әлімханова Г., Монастырева З., Төлеуов С.] /Б. Алибасов. // Семей таңы. - 1998. - №31 желтоқсан(N48).- Б.10

Ескенқызы А. Кәмелетке толған " На- На" бұрын - сонды болмаған тамаша шоу көрсетпек [Мәтін] /А. Ескенқызы. // Дидар. - 2007. - 7 маусым.- Б.6.

Кенжеханұлы , М. Түлектерімен бірге түлеген мектеп [Мәтін] : [Шар қаласындағы Карелин атындағы мектеп өмірі.] / М. Кенжеханұлы // Дидар. - 2017. - 19 қазан.- Б.15.

***

Бари Алибасов - молодой поэт [Текст]: [Стихи бывшего усть-каменогорца,рук.моск.группы "На-На" и материал о нем] // Рудный Алтай. - 1995. - 8 авг.

Вечерний разговор с Бари Алибасовым, Володей Левкиным и Славой Жеребкиным [Текст]: [Беседа с рук. и участниками моск.группы "На -На" во время гастролей в г.Усть-Каменогорске] // Рудный Алтай. - 1995. - 19 авг.

Кратенко А. Едет Бари на коне,за ним нанайцы на ремне [Текст] : (Предисловие к концерту моск.группы "На-На" в г.Усть-Каменогорске] / А. Кратенко. // Рудный Алтай. - 1995. - 8 авг.

Никифоров В. В гостях у матери Бари Алибасова [Текст]: [рук.рос.группы "На-На",земляка усть-каменогорцев] / В. Никифоров. // Рудный Алтай. - 1997. - 7 марта

Алибасов, Б. Пригласите нас [Текст]: [беседа с бывшим восточноказахстанцем,ныне - рук.рос.гр."На-На" ... во время пребывания в г.Усть-Каменогорске] / Б. Алибасов // Рудный Алтай. - 1997. - 4 окт. - С.

Алибасов, Б. Для меня Казахстан был, есть и будет родиной [Текст]: [Беседа с рук.рос.гр."На-На",земляком семипалатинцев ...во время гастролей] /Б. Алибасов // Казахстанская правда. - 1998. - 10 апр.

Алибасов Б. "На-на" - доброе исключение из правил [Текст]: [Беседа с рук.рос.шоу-группы ... во время гастролей в г.Усть-Каменогорске] /Б. Алибасов. // Рудный Алтай. - 1998. - 20 июня.

Жинило, В. Главный "нанаец" - Почетный гражданин [Текст]: [Рук.рос.гр. "На-На" Б.Алибасову присвоено звание Почет.гражданина Жармин.р-на] / В. Жинило // Рудный Алтай. - 1998. - 6 окт.

Кратенко, А. Мальчик на Шаре [Текст]: [сегодня по музейным реликвиям в Чарске существуют только две гордости: казахская белоголовая корова и Бари Алибасов] / А. Кратенко. // Рудный Алтай. - 2001. - 6 дек. - С. 13

Мустафин, С. Бари Алибасов мечтает прокатиться в метро [Текст] /С. Мустафин. // Рудный Алтай. - 2007. - 3 марта - С. 4

Рахметова, Л. И снова школьный звонок [Текст] / Л. Рахметова. // Рауан - Восход. - 2007. - 27 апр. - С. 3.

Тишковец,Н. Бари Алибасов на пенсию не собирается [Текст] / Н. Тишковец. // Устинка плюс. - 2007. - 2 марта. - С. 12

Часнык, Л. Друзья детства в гостях у Алибасова [Текст] / Л. Часнык. // Рудный Алтай. - 2007. - 24 февр. - С. 6

Часнык, Л. Звонок из детства [Текст] /Л. Часнык. // Спектр. - 2007. - 6 июня. - С. 15.

Логинова, И. Поражение Бари Алибасова [Текст] / И. Логинова // 7 дней. - 2013. - 5 декабря. - С. 7.