Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Ешекеев М.С.

0Ешекеев Мәдениет Сейітжанұлы (1936 - 1997) - әнші, ҚР халық әртісі

Мәдениет Ешекеев - 1936 жылы 12 желтоқсанда бұрынғы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан) Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында туған.
1954 жылы орта мектепті бітірігеннен кейін Мәдениет колхозында жұмысшы болып еңбек етті.
1955 жылы Алматы қаласында Республикалық көркемөнерпаздар байқауында ерекше көзге түсіп, әншілік дарынын танытты. 1956 жылы атақты әнші Жүсіпбек Елебековтың шәкірті ретінде «Қазақ концертіне» шақырылды. Сол жылдан бастап 1975 жылға дейін Семей облыстық Ә. Қашаубаев атындағы филормониясында еңбек етеді.
Әншінің концерттік бағдарламасында қазақтың халық әндерінен бастап Абайдың, Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың, Естайдың, Әсеттің, Кененің, сазгерлер Ә. Еспаевтың, Шәмшінің, Б. Сыбановтың т.б шығармалары кеңінен танылған. Әсіресе Абайдың музыка мұрасын кең насихаттаушы ретінде танымал әнші. «Құлақтан кіріп бойды алар» - ұлы Абайдың музыкалық мұрасынан, «Ән көңілдің ажары», «Ән өзегі» атты халық әндерімен, халық сазгерлерінің шығармаларынан тұратын концерттік сапармен Қазақстанның барлық облыстарында өнер көрсетті.
Атақты әнші Ж. Елебековтың шәкірті М. Ешекеев арқа өңірінің Біржан сал бастаған әншілік мектебінің жалғастырушы тұлғасы деп айтуға болады. Мәдениеттің орындауында қазақтың халық әндері «Жиырма бес», «Сұржекей», Біржанның, Естайдың, Әсеттің, Абайдың т.б әндерін шеберлікпен орындауда қазақ радиосының алтын қорына жазылды. «Абайдың барлық төл шығармалары мен Абай өлеңдеріне жазылған әндерді түгелдей дерлік орындайтын Мәдениет пен Жәнібек Кәрменов» - дейді Абай музейінің жетекшісі Т. Ибрагимов. Жастар ұстазы, Республикалық Ә. Қашаубав атындағы әншілер байқауының қазылар алқасының тұрақты мүшесі.
Қазақстан өнерін дамытудағы ерекше еңбегі үшін 1981 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», 1987 жылы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атақтары берілді. Шын өнер иесі халқымен бірге мәңгі жасайды. Ол әр буында, әр ғасырда өткен өмірдің таразысы, жанды бейнесі.
Семей қаласындағы бір көшеге оның есімі берілген.

М. Ешекеев туралы әдебиет

Литература о М. Ешекееве

Кәкімұлы Қ. Қазақ әнінің Құлагері [Мәтін] / Кәкімұлы Қ.// Ертіс өңірі.- 2006. - 2 тамыз. - Б. 8.


Кәрменов Ж. Әніңнің қазақ жетпес бұрмасына.- Астана: Фолиант, 2002.- 232 б.


Мұхаметқалиұлы У. Мың қиынды мұң көрмей жеңген Мәкең...
[Мәтін] / Мұхаметқалиұлы У.// Ертіс өңірі.- 2006. - 13 желтоқсан. - Б11; 20 желтоқсан. -Б.12


Семей әншілері [Мәтін]: био-библиографиялық портрет / құраст. З. Мағауина ; Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана, хабарлама - библиографиялық бөлім.- Семей: б. ж., 2006.- 32 б.

***

Ешекеев Мадениет // Казахстан: Национальная энциклопедия Т2 – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005.- С.264

Мадениет Сейтжанович Ешекеев // Рудный Алтай. - 1997. - 7 авг.

Ешекеев М. // В кн.: В.Кашляк Семипалатинск: их именами названы... – Семипалатинск, 2006.- С.. 274