Үдербаева Бақыт, (1950) – әнші.
1950 жылы туған. Сегіз жылдық мектепті бітіріп, 1967 жылы М.Төлебаев атындағы музыка училищесіне оқуға түседі. Шығармашылық жолын 1970 жылы Семей облыстық филармониясында әнші болып бастайды.
Әнші реперуарында «Жиырма бес», «Дудар-ай», «Т. Базарбаевтың «Өз елім», «Жан сәулем», Б. Сыбановтың «Ғашықтар туралы термесі» және халық әндері өзінің сұлу сазымен, ерке назымен ерекшеленеді. Ең алғаш Бақыт 1975 жылы Бүкілодақтық Орта Азия өнерпаздары конкурысына қатысып, бағалы дипломмен марапатталған. 1980 жылы Ә. Қашаубаев атындағы бірінші әншілер байқауына қатысып, бірінші жүлдені жеңіп алған. Сол жылы «Бақыт Үдербаева ән шырқайды» атты күй-табағы мен телефильмі жарыққа шыққан.
1989 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі» атағын алады. Германия, Монғолия, Түркияда өнер көрсеткен.
1997 жылы өзінің шығармашылық концертін берген. 2003жылдың 13 наурызында Абай театрында әншінің жаңа концерттік бағдарламасы өтті.
Үдербаева Бақыт туралы:
Ахметбекова, А. Ер мінезді әнші [Мәтін] / Ахметбекова А // Семей таңы. - 2005. - 1 сәуір. - Б. 5.
Семей әншілері. Био-библиографиялық портрет.Семей, 2006.- Б.27