Известные имена

Шәкәрімов Ж. Ж.

Шәкәрімов Жарқын Жақияұлы (1947 ж.) – күйші, зерттеуші, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.Шәкәрімов Жарқын Жақияұлы (1947 ж. -  2019 ж.) – күйші, зерттеуші, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

1947 жылы 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның оркестр факультетін домбырашы және музыка педагогы мамандығы бойынша бітіреді.

1973-1976 жж. Жарқын Шәкәрім Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасының Алматы граммофон жазба студиясында аға редактор болды. 1976-1980 жылдары «Жалын» баспасында редактор. 1980 жылы Жарқын Шәкәрім фольклорлық-этнографиялық «Сазген» ансамблін құрды. 1980-1982 жж. Қазақ ССР мәдениет министрі Жексенбек Еркімбековтың 1980 жыл 9 қыркүйек №556 жарлығымен Жарқын Шәкәрімов жаңадан құрылған Республикалық халық аспаптар музейінің директоры болып тағайындалды. Ол осы қызметін 1982 жылға дейін атқарды.

Индия (1970), Польша, Югославияға (1972) мәдени делегация құрамында болған. Студенттер мен жастардың Бүкілодақтық фестивалінің дипломанты (1985, Мәскеу).

1974 жылы Ленинградта (қазір санкт-Петербург) Ж.Шәкәрімов академик Ахмет Қуанұлы Жұбанұлының орындауындағы 9 күй жазылған фонографиялық жазба тауып, оны 2007 жылы Алматыға әкелді.

1982-2010 жж. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы(РТРК) музыкалық редактор болды. Ол осы жылдары «Замана бұлбұлдары» («Соловьи столетий»), «Домбыра сазы» («Мелодии домбры»), «Терме» («Казахские речитативные мелодии»), «Шашу» («Радость в празднике»), «Музыкалық киножылнама» («Музыкальная кинолетопись»), «Күй-шежіре», «Інжу-маржан», «Жетісаз» («Семь мелодий»), «Күй-аманат», «Сағындырған дауыстар» тәрізді авторлық хабарламаларын жүргізді.

Жарқын Шәкәрім 2010 жылдан бері зейнетте. Еліміздің музыкалық мәдениетін өркендетуге ат салысуда.

2004 жылы «Қазақстан» РТРК АҚ жобасы аясында 255 қазақ күйінің «Мәңгілік сарын»-«Вечная мелодия» атты антологиясын шығарды. Ол осы маңызды жобаға жауапты редактор ретінде қатысты.

8 кітаптың авторы: «Әміре», «Ән жұлдызы», «Звезда песни», «Амре Кашаубаев», «Малайсары биден Шәмілге дейін» «От Малайсары би до Шамиля», «Ән асқары» «Вершина песни», Дариға Тілендиевамен бірлесіп «Нұрғиса Тілендиев», «Әміре Қашаубайұлы», «Көне дүние күмбірі» («Мелодии древности»). Жарқын Шәкәрім – орындаушы және күйші. Ол халық жадынан шыға бастаған үш ішекті домбыра және шертер тәрізді көне қазақ музыкалық аспаптарын жаңғыртты.  

СССР Бүкілодақтық Білім қоғамының медалі (1989), «Құрмет» орденімен марапатталды. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атағының иегері (1998). Үржар ауданының Құрметті азаматы.

2019ж. 16 сәүірде  қайтыс болды.

 

Ж. Шәкәрімнің шығармалары

Произведения Шакаримова Ж.

 

Шәкәрімов, Ж. Әміре [Мәтін] / Ж. Шәкәрімов. - [Б. м.] : Жалын, 1977. - 147 б.

Шәкәрімов, Ж. Ән жұлдызы [Мәтін] / Ж. Шәкәрімов. - Алматы : Қазақстан, 1978. - 40 б.

Ән асқары - Әміре [Мәтін] / құраст. Ж. Шәкәрімов. - Алматы : Өнер, 1988. - 112 б.

Шәкәрім, Ж. Көне дүние күмбірі [Мәтін] = Мелодии древности : [Болат Сарыбаев - музыка зерттеуші туралы] / Ж. Шәкәрім. - Алматы : Өнер, 2013. - 192 б.

***

Шакаримов, Ж. Амре в Париже [Текст] : историко-биографический очерк / Ж. Шакаримов. - Алматы : Гани Д., 2016. - 248 с.

 

Мақалалар – Статьи

 

Шәкәрімов, Ж. Таскескендегі таңбалы тастар [Мәтін] / Ж. Шәкәрімов // Қазақ әдебиеті. - 1976. - 25 июнь.

Шәкәрімов, Ж. Аққуға аспандағы әнін қосқан [Мәтін] / Ж. Шәкәрімов // Жалын . - 1976. - № 2. - Б. 2.

Шәкәрім, Ж. Әулиетас неге қирады [Мәтін] : [Таскескен маңындағы таңбалы тастарды қорғау ] / Ж. Шәкәрім // Қазақ әдебиеті. - 2000. – 31 наурыз.

Шәкәрім, Ж. Қазақтың әні қайда? [Мәтін] / Ж. Шәкәрім // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 23 ақпан. - Б. 3.

Шәкәрім, Ж. "Қазақ музыкасына жаңаша көзқарас қажет" [Мәтін] / Ж. Шәкәрім // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 29 маусым.- Б. 4.

Шәкәрім, Ж. "Абай әндерін үш ішекті домбырамен сүйемелдеген" [Мәтін] / Ж. Шәкәрім // Заң газеті. - 2008. - 8 ақпан.- Б. 4.

Шәкәрім, Ж. Дариға - махаббат [Мәтін] / Ж. Шәкәрім // Жалын . - 2008. - № 10. - Б. 17-20.

Шәкәрім, Ж. Қолына домбыра тисе - боран соққандай, дирижер боп тұра қалса - дүниенің астан - кестені шыққандай болушы еді [Мәтін] / Ж. Шәкәрім // Аңыз адам . - 2012. - № 15. - Б. 21-23.

Шәкәрім, Ж. Жамбыл Кененнің әншілігін бүркіттің самғауына теңеген [Мәтін] / Ж. Шәкәрім // Аңыз адам . - 2012. - № 4. - Б. 22.

Шәкәрім, Ж. Қылқобыз сырын ашқан еңбектер [Мәтін] / Ж. Шәкәрім // Егемен Қазақстан. - 2013. - 16 ақпан (№ 69). – Б. 5.

Шәкәрім, Ж. Әнші Әміре туралы шындық [Мәтін] / Ж. Шәкәрім // Егемен Қазақстан. - 2013. - 27 ақпан. - Б. 11.

Шәкәрім, Ж. Әнші Әміре туралы шындық [Мәтін] / Ж. Шәкәрім // Семей таңы . - 2013. - 16 сәуір. - Б. 3.

Шәкәрім, Ж. Келбеті кетпес есімнен. [Мәтін] / Ж. Шәкәрім // Аягөз жаңалықтары. - 2014. - 17 қыркүйек. - Б. 1-2.

Шәкәрім, Ж. Қош , бауырым ! [Мәтін] : қазанама / Ж. Шәкәрім // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 12 - 18 ақпан (№ 6). – Б. 11.

Шәкәрім, Ж. Аққыз есімін ардақтайық [Мәтін] / Ж. Шәкәрім // Егемен Қазақстан . - 2016.- 26 қараша (№ 228). – Б. 13.

Шәкәрім, Ж. Тәуелсіздік рухы - музыка үнінде немесе Нұрғисадан бата алған Нұрсәт [Мәтін] / Ж. Шәкәрім // Егемен Қазақстан. - 2016. - 20 желтоқсан (№ 244). – Б. 5.

 

Ж. Шәкәрімов туралы әдебиет

Литература о Шакаримове Ж.

 

Кәрменов, Ж. Әніңнің қазақ жетпес бұрмасына [Мәтін] / Ж. Кәрменов. - Астана : Фолиант, 2002. - 232 б.

Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі [Текст] = 1000 казахских традиционных кюев = 1000 kazah' s traditional kui : антология. - Алматы : Қазақстан, 2010. - 206 с.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. — Астана : Фолиант, 2011. — Б. 284.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Шәкәрім Жарқын Жақияұлы: б. 804.

Күмісбаев, Ө. Шәкәрім және шығыс мәдениеті [Мәтін] / Ө. Күмісбаев // Мәдениет. - 2014. - № 4.- Б. 2-5.

Мыржықбай, К. Жарқын десе Жарқын [Мәтін] : [музыка танушы Ж. Шәкерім туралы] / К. Мыржықбай // Қазақ әдебиеті. - 2017. - 21 сәуір. - Б. 12-13.

Мыржықбай, К. Жарқын десе Жарқын [Текст] / К. Мыржықбай // Қазақ әдебиеті. - 2017. - 21 - 27 сәуір (№ 16). – Б. 12-13.

***

Казахская Национальная Энциклопедия [Текст] : Т. 9. – Шакарим Жаркын: с. 473.

Секенов, С. Памяти казахского акына [Текст] : амре Кашаубаеву - 120 лет / С. Секенов // Вести Семей. - 2008. - 11 декабря. - С. 1.

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Жарқын Шәкәрім : авторлық сайт [Электронный ресурс] // zharkynshakarim.info : сайт. – Пайдалану орны. - http://zharkynshakarim.info/news/sajt_ashyl_anda_al_ash_kelgen_oj/2016-01-10-16 (01.03.18)

Хамит, А. Прерванный полет Амре [Электронный ресурс] // Айжан Хамит авторский неблог : сайт. – Режим доступа : http://aizhanhamit.kz/прерванный-полет-амре/ (01.03.2018)

Книгу «Амре в Париже» презентовали в Астане [Электронный ресурс] // kazakh-tv.kz : сайт. - http://kazakh-tv.kz/ru/view/news_kazakhstan/page_181176_ (01.03.2018)