Известные имена

Тұрсынбаева А.

ТТурсынбаева Айнурұрсынбаева Айнұр (1977) – айтыскер, ақын

1977 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында туған.

Бірнеше мәрте республикалық, халықаралық ақындар айтысына, Францияда, Түркияда, Қытайда, Моңғолияда өткен айтыстарда жұртты тамсанта жырлаған. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Онжылдық мектепті 1994 жылы Мойынқұм ауданында бітірген. Айтыс өнерінде алғаш 1991 жылы Қайрат Рысқұлбековке арналған облыс аралық ақындар сайысында көзге түсті. Төле бидің 330 жылдық мерейтойында жүлделі екінші орынды жеңіп алды. 1994 жылы Семейде Абайға арналған мектеп оқушыларының айтысында бас жүлдені алды. Абайдың 150 жылдық мерейтойында өткен республикалық ақындар айтысының да жүлдегер болған жас талант.

Атақты айтыскер Айнұр Тұрсынбаева тек өзіне ғана тән сыпайы ойын асықпай, жұмсақ қоңыр үнімен тыңдаушының көкірегіне сәуле құярлық етіп, толғантып-тебірентіп жеткізеді. Кейінгі жылдардағы «Айтыста» бірнеше рет бас жүлдені жеңіп алды.

Атап айтқанда:

Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына байланысты Алматы қаласында өткен халықаралық ақындар айтысының; Астана қаласында өткен Иса Байзақовтың 100 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының; Петропавл қаласында өткен Ғабит Мүсіреповтың 100 жылдығына арналған республикалық  ақындар айтысының, Семей қаласында өткен ел егемендігінің 10 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының, Павлодар қаласында өткен Әлкей Марғұланның 100 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының, Алматы облысы Жамбыл ауданының 80 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының және Жезқазған қаласында өткен Шымболат Ділдебаевтың 70 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері. Талдықорған қаласында өткен Бақтыбай Жолбарысұлының  175 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында 1 орынға ие болған.

Айнұр Тұрсынбаева психологиямен айналысып, соңғы жылдары мотиватор болып, бақытты әйел тақырыбында семинар-тренингтер, лекциялар өткізіп жүр.

 

А. Тұрсынбаева туралы әдебиет

Литература о Турсынбаевой А.

Кітаптар - Книги

 

Қазіргі айтыс [Мәтін] / . - Астана : Күлтегін, 2006 -. 2-ші кітап. - 336 б.

 

Мақалалар - Статьи

 

Бақытқызы, А. Ұлы дала ақындары Шығысқа келді [Мәтін] / А. Бақытқызы // Дидар. - 2019. - 7 мамыр.- Б.7.

Ахметбекова, А. Құндыздының құндызы [Мәтін] : [Республикаға аты мәлім ұстаз А.Тұрсынбайқызы туралы ] / А. Ахметбекова // Семей таңы. - 2000. – 20 - 26қаңтар. - Б. 2

Қоңыратбай Т. Айтыс - айшықты өнер додасы немесе Әбілқайыр Сыздықов пен Айнұр Тұрсынбаева арасындағы жекпе-жек айтыстан туған ойлар [Мәтін] /Т. Қоңыратбай // Ақиқат. - 2001. - №12.- Б.71-76

Жас жүрек жайып саусағын [Мәтін] // Егемен Қазақстан. - 2003. - 28 наурыз.- Б.4

Тұрсынбаева, А. Мақсатым - ақындар мектебін ашу [Мәтін] / А. Тұрсынбаева // Жас алаш. - 2003. - 3 шілде. - Б.5

Тәуелсіздік - тәу етер жалғыз киең [Мәтін] : ақындардың үш күндік аламан айтысының алтын арқауы осылай өрілді // Егемен Қазақстан. - 2010. - 16 желтоқсан.- Б.14.

 

Интернет-ссылки

 

Өмірбаян: Айнұр Тұрсынбаева https://www.zharar.com/index.php?newsid=32379

Акын Айнур Турсынбаева «Чтобы быть тамадой, надо быть клоуном» [Электронный ресурс]: [интервью]: сайт. - Режим доступа: https://m.azh.kz/ru/news/view/4550