Известные имена

Болтаева Х. А.

Болтаева Хайна (Ғайни) Әділбекқызы

Болтаева Хайна (Ғайни) Әділбекқызы (1957) – қобызшы, педагог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры.

2 шілде 1957 жылы Шығыс Қазақстан облысыШемонаиха ауданында дүниеге келген. 1967–1975 жылдары дарынды балаларға арналған Қарағанды мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатында білім алған. 1975–1980 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «концерттік орындаушы, оқытушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы балалар музыка мектебінің оқытушысы болып бастаған. 1979–1996 жылдары Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінде прима-қобыз тобының концертмейстері қызметін атқарған. 1997–2015 жылдары Қарағанды қаласының музыкалық оқу орындарында дәріс беріп, Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің прима-қобыз тобының концертмейстері болған. 2015 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қызмет етеді.

1983 жылы Құрманғазы атындағы І республикалық байқаудың лауреаты атанған. 1994 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. Қарағанды облысы әкімінің «Жылдың аспапта орындаушы-солисі» сыйлығының лауреаты (2001, 2009). 2008 жылы Кемерово облысы губернаторының Құрмет грамотасымен, 2013 жылы «Мұқан Төлебаев» мерейтойлық медалімен марапатталған. 2014 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры атағына ие болды.

«Қоңыр үні қобыздың» (2013), «Әлем әуендері» (2014), «Популярная музыка» (2015) атты қобызға арналған оқу-әдістемелік құралдар мен жинақтардың авторы. Сондай-ақ «Наш Маэстро», «Его вклад неоценим», «Призванью своему храня любовь и верность» атты мақалалардың авторы.

 

Х. Ә. Болтаева туралы әдебиеттер
Литература о Болтаевой Х. А.

Шығыс Қазақстан Облысы : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. – Б. 276.

Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы

Болтаева Гайни Адильбековна // Казахская национальная консерватория имени Курмангазы : официальный сайт. – URL: https://www.conservatoire.edu.kz/ru/structure/faculties/Boltaeva/ (дата обращения: 08.06.2026).
Гайни Болтаева: «Өнерге де, өнерпазға да қиянат жасалмауы керек» : интервью // Әдебиет порталы. – URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/gaini-boltaeva-onerge-de-onerpazga-da-qiianat-zasalmauy-kerek__25811 (дата обращения: 08.06.2026).